ОРАЛДА ҰЛТТЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ РӨЛІНЕ АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ
12 желтоқсан күні Оралда дәстүрлі «Жаһанша оқулары» жобасы аясында «Қазақ зиялылары ұлттық тәуелсіздік жолында: ХХ ғасырдың бірінші ширегі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияның пленарлық мәжілісі Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында сағ.9.00-де басталады.
Бұл шараға тарих ғылымдарының докторы, академик Т.Рысбеков, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы М.Сабыр, Германиядағы Бонн университеті Шығыстану және азиялық зерттеулер институтының докторы, профессор Н.Кенжеахмет, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Ш.Забих, Халықаралық «Қазақ тілі» ұйымы Ресей Федерациясы филиалының және Орынбор «Достық үйі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сауле Тайкешева қатысады деп күтілуде.
Конференцияда мемелекет және қоғам қайраткері Ораз Исаев, ХХ ғасырдың басындағы саяси қайраткер Жаһанша Досмұхамедовтың мемлекеттік және құқықтық көзқарасы, Мұстафа Шоқайдың мемлекеттік көзқарасы, «Алаш» ұлттық автономиясының концепциясы, ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ зиялыларының рөлі туралы баяндама жасалады.
Сондай-ақ қазақ зиялыларының өмірі және қоғамдық-саяси қызметі, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет құрудағы қазақ зиялыларының тарихи көзқарастары әдебиет, ұлттық тіл, жазу, емле ережелері тақырыптары бойынша секциялық отырыстар өтеді.
Айта кетейік, конференцияны ұйымдастыруға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі ұжымы ұйтқы болып отыр.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу