ОРАЛДА ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Наурыз мейрамы қарсаңында қалалық көрме залында «Ұлттық қолөнер – сырлы өнер» атты қолөнер бұйымдарының көрмесі ашылды.



Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласы – қолөнер. Қолөнер туындыларынының әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Осы орайда Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында тарих тұнбаларын насихаттап, ұлттық құндылықтарымыздың бәсін арттыру арқылы руханиятымызды көтеру қажеттігін айтты. Халық тұрмысында жиі қолданылып келген өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сынды шығармашылық өнер жиынтығын жаңғыртып жүрген жерлестеріміз жетерлік. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар» мәдениет үйі ұйымдастырған көрмеге осы дәстүрлі өнердің ізін жалғастырушы ізбасарлары – ісмерлер мен сәнгерлер, мүсіншілер қатысуда.
Көрмеден Нұрбол Әміржановтың саз балшықтан жасаған бұйымдарын, Тоғжан Бабиева мен Салтанат Бақытжанқызының тері мен киізден дайындаған панноларын, Айнагүл Халыққызы, Жарқынай Рахметқызы, Жәмиля Өтепқалиева, Эльвира Сағидоллақызының қолынан шыққан ою-өрнекті көрпешелері мен заманға сай жаңғыртылып тігілген киімдерін және «Мария ханым», «Айя» сән үйлерінің қазақы нақыштармен өрнектелген көйлектерін, аксессуарларды көруге болады.


– Басқа елдердің де ұлттық киімі ашық, көзге түсетіндей жылтыр болып келеді. Бірақ, қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшелігі – арт-дизайн үлгісінде болып келуі. Яғни біздің киімдерімізді көркемөнер туындысы деп айта аламыз. Дегенмен, ою-өрнектің қолданылу орны бар. Біздің мамандарымыз осы қағиданы ұстанады. Мәселен, «толқын» өрнегін бас киімге орналастырмайды. Ал «қошқармүйіз» – амандық-саулық, байлық белгісі ретінде қолданылады. Яғни, ою-өрнек сән ғана емес, тілек-мүдденің нышаны, – дейді «Мария ханым» сән үйінің директоры Жұлдыз Құспанова.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Көрме 23 наурызға дейін жалғасады.
Мекенжайы: Достық-Дружба даңғылы, 206/1. Қалалық көрме залы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу