ОРАЛДА АҚЫН АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЙҚЫЗЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ (ФОТО)
Бүгін Оралдағы Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған «Өлең-өмір» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Ақынның мерейтойына орай өткен шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев, Нұр-Сұлтан қаласынан, Алматы, Атырау облыстарынан келген қонақтар, өңірдің зиялы қауымы мен жыр сүйер оқырмандар жиналды.
– Ақұштап апамыз – ешкімге ұқсамайтын жырдың анасы. Әрқашан ақ сөйлеп, адал күлетін, шындықты жақтап жүретін, сыйластық сырын білетін, жоқтыққа тарылмайтын, арманнан арылмайтын жан. Ақын апамыз Тәңір берген талантымен, болмысына тән мықтылығымен, тілінің өткірлігімен, өмір шындығын теңдессіз зерделеген ой жинақылығымен поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырған, – деп бастады құттықтау сөзін облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы, – Иә, Ақұштап апамыздың шығармашылық әлеуеті ешкімге ұқсамайтын ойшылдықпен, биік парасатпен, сазды жырларымен ерекше. Бүгінгі таңда Ақұштап Бақтыгерейқызын көпшілік тек қарымды қаламгер деп емес, сондай-ақ елдің мәртебесін, мәдениет, өнер, ұлттық рухты асқақтатып жүрген қайраткер деп біледі, әрі құрмет тұтады. Ал ұрпақтардың алдында аяулы ана, ардақты әже абыройына ие. Бүгінгі өтіп жатқан осынау тамаша кеш Жайық жұртшылығына үлкен қуаныш сыйлайтыны анық. Ақұштап ақынның ел үшін, ұрпақ тәрбиесі үшін атқарып келе жатқан еңбегі елеулі. Қарымды қаламынан туған қуатты әрі шынайы шығармалар ұрпақтан ұрпаққа жететін құнды мұра, – деген өңір басшысы Ақұштап Бақтыгерейқызына игі лебізін арнап, ақынға камзол кигізіп, иығына ақ жаулық жапты.
Сонымен қатар сахна төріне Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы, басқарма төрағасының баспа ісі жөніндегі кеңесшісі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Ғалым Қалибекұлы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы-журналист, мәдениеттанушы Сара Ләтиева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының және Президент сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, журналист, сатирик Көпен Әмірбек шығып, құттықтауларын жеткізді.
Шараға арнайы келген Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасының басышысы Нұрлан Сыдықов Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтың, Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың құттықтау хаттары мен сый-сыяпаттарын табыстады.
Ақынның әдеби-музыкалық кешіне қатысқан ҚР Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының құрметті профессоры Роза Рымбаева Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңіне жазылған әндерді орындады.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада Ақұштап Бақтыгерейқызының өлеңдері оқылып, ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды.















Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу