8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Ақпан 2019 1923 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА 50 КӨШЕНІҢ ЖОЛЫ ЖӨНДЕЛДІ

Бүгін Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев халық алдындағы есеп беру кездесуінде қаладағы жол құрылысы бойынша жасалған жұмыстар туралы баяндады. 

Қала ішіндегі асфальтбетон жабынды автомобиль жолдарының 76 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейде. Жол құрылысы бойынша өткен жылы шаһарда ауқымды жұмыстар атқарылды. Теміртау көшесі, «Ғалымдар ауылы» шағынауданы, «Көкжиек» шағынауданының кіреберісі, А.Тайманов көшелері салынды. Сондай-ақ «Ет комбинаты» ауданындағы төрт көше жөнделді.  Жолдарды жөндеу барысында 30 әлеуметтік нысанға баратын жол қамтылды. Жол жөндеу жұмыстары қаланың әр аумағында жүргізілгенін атап өту керек. Жалпы 7,5 млрд. теңгеге ұзындығы 50 шақырым болатын 50 көшенің жолы жасалды. Бұл жұмыс биыл да жалғасады.

Жол құрылысы бойынша атқарылған маңызды инфрақұрылымдардың бірі «Депо» ауданындағы өткелдің қолданысқа берілуі. Алғаш салынғаннан бері 53 жыл бойы күрделі жөндеу жасалмаған көпірді қайта салуға ҚПО б.в компаниясы 2,3 млрд. теңге бағыттап, құрылысты «Ка-строй» ЖШС жүргізді. Жаңа көпір өткелінің ұзындығы 536 метр. Ені екі есеге ұлғайтылып, 20 метрге жеткізілді. Көпірден тәулігіне 46 мың автокөлік өте алады. Бұл бұрынғыдан екі есеге артық.

– Қала көшелерінің көліктерді өткізу қабілеттілігін арттыру – маңызды бағыттардың бірі. Өйткені соңғы үш жылда көліктердің саны 25 мың бірлікке көбейді. Бірнеше аумақтар бойынша мәселелер бар екенін анықтадық. Осы ретте Гагарин-С.Датов, Әйтиев-Еуразия, Шолохов-С.Тюленин, Әбілқайыр хан-С.Датов көшелері қиылыстарының оң бұрылыстары бойынша күрделі жөндеу жүргізілді. Осылайша, сол аумақтардағы өткізу қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік жасадық,  – деді Мұрат Рахметұлы.

Жол жөндеу жұмыстары биыл да жалғасады. Қала басшысының сөзінше, жоспарланған жол жөндеу жұмыстарының бір бөлігі «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылмақ. Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторлармен келісімдер жүргізілуде. Сондай-ақ Шаған өзені арқылы қала мен  болашақ «Ақжайық» шағынауданын байланыстыратын көпір құрылысын жобалаушы мекеме анықталған.

Ал Депо көпірі құрылысын жүргізген «Ка-Строй» ЖШС қазір «Нефтебаза» ауданындағы көпірді қайта құрылымдауды қолға алған .  Бүгінде демонтаждау жұмыстары аяқталып, құрылысшылар бұрғылау жұмыстарына кірісуде. Жаңа көпір 4 жолаққа дейін кеңейтілмек (суретте). Жаяу жүргіншілер жолы 1,5 метрден болады. Құрылыс кезінде жаңа технологиялар қолданылмақ. Жобаның жалпы құны – 5,5 млрд. теңге.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»