8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2018 4240 0
Қалалықтар қаперіне

Оралда 4 жұлдызды қонақ үй салынады

Орал қаласында сегіз қабатты төрт жұлдызды қонақ үй бой көтермек. 14 тамыз күні болашақ қонақ үйдің жоспары облыс әкімі Алтай Көлгіновке таныстырылды.

Төрт жұлдызды қонақ үй Құрманғазы көшесі 84 мекенжайынан бұрынғы «Ақжайық» қонақ үйінің орнына салынады. Қазір ескі ғимаратты сүру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа нысанның іргетасын құяр күн де алыс емес. Ал құрылысты аяқтау 2020 жылдың қарашасына жоспарланған.

Hilton халықаралық франшизасы бойынша салынатын қонақ үй 125 нөмірлі болмақ. Оның ішінде алтауы – люкс, алтауы – апартамент, екеуі – мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайланып жабдықталмақ.  25 және 400 орындық екі конференц зал, 250 орынға арналған Ballroom жасақтау жоспарда. Сегізінші қабатта – ашық аспан астындағы sky-бар болады. Сондай-ақ қонақ үйде бассейн, spa, фитнес орталығы да қарастырылады. Жаңа қонақ үйде 200 адамға жқмыс орны ашылмақ.

– Жоба құны – 12 млн. доллар көлемінде. Жартысын «Даму» қоры арқылы екінші деңгейлі банктерден несиемен алмақпыз. Бұл ретте облыс және қала басшылығы қолдау көрсетіп отыр, – дейді «GRAND HOTEL Service» ЖШС директоры Жақсылық Саматов.

Қонақ үйдің құрылыс жоспарымен танысқан соң, өңір басшысы Алтай Көлгінов ұсыныстарын айтып, туризм саласын дамыту үшін қонақ үйлердің сапалық деңгейін көтеру маңызды екеніне басымдық берді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
287 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»