8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Желтоқсан 2018 2195 0
Қоғам

ОРАЛДА 180 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесі қарсаңында Орал қаласында 180 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған азаматтар баспаналы болды. Тұрғындардың қуанышына облыс әкімі Алтай Көлгінов ортақтасып, Ел Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.

– Бұл – ең қастерлі, ең қасиетті мереке. Ата-бабамыз аңсаған бейбіт заманда өмір сүрудеміз. Біз бақытты ұрпақпыз. Осы бақытты күні сіздердің қуаныштарыңыз еселенуде. Көптен күткен баспанаға қол жеткізіп жатырсыздар. Бұл үй Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың игілігіне қабылдаған бағдарламасының нәтижесі. «Нұрлы жер», «Бес әлеуметтік бастамадан» бастау алған «7-20-25» бағдарламалары тұрғындарға баспанаға қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Алдымызда ұлы мереке – Тәуелсіздік күні. Осы жеткен жетістігіміз егемендігіміздің, еліміздің бірлігінің арқасында болып жатыр. Сондықтан әрқайсымыз мемлекетімізге аянбай қызмет жасауымыз керек. Биылдың өзінде 3500 отбасыға арнап пәтер салынуда. Алдағы уақытта да үйлер көбейеді. «Ақжайық» жаңа шағын ауданында 150-ден астам көпқабатты үй салынады. Оның 15-інің құрылысы жарты жылдан соң басталады. Бұған жеке инвесторлар атсалысуда, – деген Алтай Сейдірұлы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстар жалғасатынын айтып, пәтер кілттерін иелеріне табыс етті.

«Нұрлы жер» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша салынған үйдің құрылысын «Болашақ-Т» ЖШС жүргізген.  Үй 180 пәтерлі. Зачаганск кентінде орналасқан.

Көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізген тұрғындар Мемлекет басшысына және өңірде атқарылып жатқан игі жұмыстардың көшбасында жүрген облыс әкіміне алғыстарын жаудырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Оралдан Ыстамбұлға тікелей рейс ашылуда
17 Сәуір 2026
73 0
Мезгіл мәселесі
Құрылыс сапасы қатаң бақылауда
16 Сәуір 2026
439 0
Құттықтаймыз!
Қазақ әдебиетінің жарқын келешегі
15 Сәуір 2026
513 0
Ғылым
Ғылыми мүмкіндіктер әлеуеті
12 Сәуір 2026
367 0
Таза Қазақстан
Тазалық – ортақ міндет
11 Сәуір 2026
405 0
Қалалықтар қаперіне
Құрылыс қарқыны артып келеді
10 Сәуір 2026
436 0
Өзек
Бизнес нысандар тексерілді
09 Сәуір 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»