ОРАЛДА 17 ҮЙГЕ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Бүгін Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев Шевченко 65 мекен-жайында орналасқан үйдің тұрғындарымен кездесті.

Шаһар басшысымен қатар жобалаушы және мердігер компания басшылары тұрғындардың шатыр жөндеу жұмыстары бойынша өтініштерін тыңдады. Баршаңызға белгілі, биыл қыста қардың көп түсуі салдарынан Орал қаласы бойынша 22 көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырлары ішінара опырылған болатын. Сол мезетте қала әкімінің тапсырмасы бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, ПИК-тері және тұрғындар шатырға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы әр үйде жалпы жиналыстар өткізіліп, нақты жұмыстар бастаған еді.
Сонымен қатар, пәтерлерді су басуын алдын-алу мақсатында тұрғындар ПИК-мен бірлескен түрде арнайы қаражат жинау арқылы құрылыс компанияларын тарта отырып, шатырды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Атап айтар болсақ, пәтер иелерінен қосымша қаражат жинау арқылы 18 үй өз шатырларын жөндеп алды. Ал қалған 4 көпқабатты тұрғын үй бүгінде мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша шатырды күрделі жөндеу жұмыстарына құжаттарын рәсімдеуде.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Орал қаласы бойынша 103 көппәтерлi тұрғын үй жөнделген болатын.
Биыл бюджеттік қаражат есебінен 17 үйді жөндеу жоспарланса, соның ішінде 3 нысан шатырды күрделі жөндеу, ал 14 нысанның жедел сатылары ауыстырылады.
Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу