8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2019 2357 0
Қоғам

ОРАЛДА 1500 БИШІ ҚАТЫСҚАН АКЦИЯ ӨТТІ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Жастар жылы аясында Халықаралық би күніне орай Оралдағы Тұңғыш Президент алаңында  Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы би ұжымдарының  «Биле, JASTYQ» кең ауқымды акциясы өтті.  

Акция мақсатыхореографиялық өнерді кеңінен насихаттау, шығармашылықты дамыту, бишілердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру, талантты жастарды би өнеріне тәрбиелеу.

Ең алдымен бір мезгілде бірге  1500 биші «Бастау» тобы әуеніне мың бұрала билеп, көрерменге әсемдік пен әдемілікті көрсетті. Сондай-ақ  «Салтанат», «Хорезм бүлдіршіндері», «Шұғыла», «Қыр басында қыз ойын» және халықтық «Ақжайық», үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамбльдері мен «Жайдарлы жастар», «ККК» би студиялары бірлесе «Ақжелең» биін тарту етіп, жиналған жұртшылыққа  ерекше әсер қалдырды.15000

 

 

Одан әрі облыстық мәдениет басқарма басшысы  Қ.Мұсағалиев құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімі А.Көлгінов атынан 15 би ансамблінің жетекшісіне Алғыс хат ұсынды. Сонымен қатар 20 би ансамблінің жетекшісі мен бірнеше балетмейстер-хареографтар өнер, білім, дамыту шығармашылық орталығының «Мәдениет майталманы», «Өнер саласының үздігі» төсбелгілерін кеуделеріне тақты. «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы А.Батырханов  үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблінің жетекшісі Р.Көжекешованы  «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттады.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
132 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»