8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Шілде 2025 1344 0
Оқиға

Оралда 13 адамды алдаған алаяқ ұсталды

Батыс Қазақстан облысында жүргізуші куәлігін заңсыз жасап беремін деп алдаған алаяқ 13 адамнан 6,5 миллион теңгеден астам қаржы алған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Нұржан Қуанғали хабарлады.

Полиция мәліметі бойынша, күдікті тұрғындарға жүргізуші куәлігін тез және оңай алуға болатынын уәде еткен. Оның сөздеріне сенген азаматтар құжат рәсімдеу үшін қолындағы қаржысын беріп, алданған. Кейбір жәбірленушілер өздерімен бірге таныстарын да осы адамға сендірген.

Нұржан Қуанғали атап өткендей, күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде.

Полиция тұрғындарды құжаттарды тек ресми жолмен рәсімдеуге және алаяқтарға алданбауға шақырады. Осындай жағдайлар туралы мәлімет болса, құқық қорғау органдарына хабарлауға кеңес береді.
«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
121 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
368 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»