8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қазан 2021 1671 0
Қоғам

ОРАЛДА 10 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, 5 ҮЙДІҢ ЖЕДЕЛСАТЫСЫ АУЫСТЫРЫЛДЫ

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында биыл 15 үйде жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін 267 млн. теңге бөлінді. 10 үйдің шатыры жаңғыртылса, 5 үйдегі жеделсатыны ауыстыру көзделген болатын. 

Бірнеше жылдан бері көпқабатты тұрғын үйлердің тозығы жеткен шатыры мен сынған жедел сатысын алмастыруда, кірберістерді жөндеуде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын  жаңғырту» бағдарламасына деген сұраныс артып келеді. Бағдарлама арқылы жөндеуден өтіп жатқан үйлердің  бірі – Гагарин көшесі, 36/2-үй. Бес қабатты тұрғын үй өткен ғасырдың 70 жылдарында салынған екен.  Уақыт өте төбесі тозған. Ал енді мемлекеттік бағдарлама арқылы жаңарған қалыпқа келтірілуде.  Мердігері – «ГНРМАШ» ЖШС

Компания басшысы Талғат Еділбаев жұмыстардың жобаға сай атқарылып жатқанын жеткізді.

– Жөндеу жұмыстары басында 18 адам еңбек етуде. Желдету шахтасында жөндеу жүргізілді, профилист құрастырылымын орнату үшін бекіту жұмыстары жасалды. Төбе аумағы 2000 шаршы метрді құрайды. Қазіргі  уақытта жұмыстардың 90 пайызы аяқталды. Осы айдың соңына дейін тапсыратын боламыз,  – деді Талғат Еділбаев.

Жуков көшесі, 15/2 мекенжайындағы 9 қабатты тұрғын үйде жаңа жеделсаты жұмыс жасап тұр. Бұл да тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижесі. Биыл бес үйдегі жеделсаты ауыстырылған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Әліби Лифт» жүзеге асырды. Жеделсатылар Беларуссиядан жеткізілген. Шығарушы зауыт тарапынан 1 жылдық кепілдік бар және құрылыс-монтаждаушы компания 3 жыл кепілдік береді.  Тапсырыс берушілердің есебінше, бір ғана жеделсатының құрылыс-монтажына 13 млн. теңгедей жұмсалады. Тұрғындар осы қаржыны 8 жыл ішінде ай сайын 6 мың теңгеден төлеп тұратын болады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының өңірлік операторы – «Орал құрылыс жөндеу сервис» ЖШС бас инженері Қыдырғали Жорасов атап өткендей, бүгінде бағдарлама арқылы үйлерін жаңғыртудан өткізге ниеттілер көп.

– Тұрғындар өздері ұйымдасып, жиналыстар өткізіп, жасалатын жұмыстардың көлемін есептеп, өтініштерін береді. Соның негізінде жобалық-сметалық құжат жасақтаймыз. Сараптамадан өткіземіз. Келер жылы тағы 20 үйді жаңғыртудан өткізу жоспарлануда, – дейді Қыдырғали Жорасов.

Қаламызда 1246 көпқабатты тұрғын үй бар. 2011 жылдан басталған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бағдарламасы арқылы 127-сі  жөндеуден өткен.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»