8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2021 1831 0
Жалын

ОРАЛ ЖАСТАРЫ «МЫҢ АЛҒЫС» АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық өнер және мәдениет орталығы жанында облыстық және қалалық жастар рестурстық орталықтарының ұйымдастыруымен 1 наурыз «Алғыс айту» күні мерекесіне арналған «Мың алғыс» жастар акциясы өткізілді.

Акцияны өткізудегі мақсат – жастарға ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, ұлттар арасындағы қарым-қатынасты дамыту, қала жастары арасында ұлттық сананы қалыптастыру. Шара қазақ жерін мекен етіп, бір атаның баласындай ұйысқан өзге ұлт өкілдерінің атынан айтылған алғыс сөздермен басталды.

Олан соң белсенді жастар арқан тартыс және де қол күрес сайыстарынан сынға түсті. Нәтижесінде арқан тартыс сайысы бойынша «Жәңгір хан ұрпақтары» командасы бәсекелестерінен мықтылықтарын көрсетті. Екінші орынды  БҚАТУ-дың машина құрылысы факультеті командасы, үшінші орынды БҚУ-дын спорт факультеті алды.  Қыз балалар арасындағы арқан тартыста  – Махамбет жастары бірінші орын, Stud Fest командасы – екінші, «Батыс қамқор» бірлестігі – үішнші орынды иемденді.

Ер балалар бақ сынасқан  қол күресі сайысы бойынша  Әбдіманат Қайыржан, Әділгерев Арслан, Бақтыгерев Ержан үздік үштіктен көрінді.

Сайыстарға белсене атсалысқан жастарға шара соңында кубок-медальдармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
29 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
28 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
30 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
33 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
93 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
70 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»