ОРАЛ – САЛАУАТТЫ ҚАЛА
«Alem Plaza» сауда үйінде ұйымдастырылған акцияда 500-ден астам қала тұрғындары жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен крдиолог, эндокринолог мамандардан тегін медициналық кеңес алды.

Салауатты өмір салтын насихаттау, міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттандыру, әрбір азаматтың өз денсаулығын сақтау және нығайту үшін жауаптылығын арттыру, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету мақсатындағы денсаулық эстафетасын 15 қараша күні Орал қаласы алматылықтардан қабылдап алды. Осы орайда, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және Батыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бастамасымен «Alem Plaza» сауда үйінде «Орал – салауатты қала!» кеңауқымды акция өтті.
Акцияда қала тұрғындары мен қонақтары жалпы тәжірибе дәрігерлері, кардиолог, эндокринолог мамандарынан тегін медициналық кеңес алып, қан қысымын, салмағын, қандағы қант пен холестеринді өлшеп, АИТВ жұқпалы ауруына экспресс диагностика өтіп, БҚО бойынша Ұлттық оқу – клиникалық орталығының нұсқаушылары адам өміріне қауіпті жағдайларда алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша мастер-класс көрсетті. Батыс Қазақстан облысының міндетті медициналық сақтандыру қорының бас эксперті Ғапаров Ербол Малікұлы медициналық сақтандыру бойынша сұрақтарға жауап берді.
Акция барысында медициналық қалашықпен қатар, Құрманғазы атындағы саз колледжінің және Батыс Қазақстан облысының Жоғары медициналық колледжінің қолдауымен, студенттер концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Бағдарламада музыкалық колледж студенттері Құрманғазының «Адай», «Сарыарқа» күйлерін, Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» күйін, Ахметбек Әлпекұлының «Жылқышы» атты шығармасын орындады, ал болашақ медицина қызметкерлері флэшмоб билеп, әндер айтты.
Жайық үні
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу