8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2021 3783 0
Қоғам

ОРАЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТӘЖІРИБЕ СТАНЦИЯСЫ ШЫҒАРҒАН ДАҚЫЛДАРДЫҢ ЖАҢА СҰРЫПТАРЫ ӨНДІРІСТЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

 Бұл туралы бүгін, 26 наурыз күні БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен көктемгі далалық жұмыстарға дайындық барысы пысықталған жиында айтылды.

Облыста жоғары репродукциялы тұқым өндірумен бес шаруашылық айналысады. Олар – «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы», «Раздолье», «АгроСервис-Батыс», «Тұлпар LTD» ЖШС-тері және «Акас» ШҚ. Бұған қоса аттестатталған тұқым өткізушілер бар – «АБН Технологии» ЖШС, «Габдулов А.Б.» ЖК, СПКВ «Ағын». Олар отандық және шетелдік селекцияның ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын сатумен айналысады.

–  Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі республикалық мемлекеттік комиссияның шешімімен 2020 жылы облыста «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-ның қатысуымен шығарылған бес дақыл бойынша 6 сұрып аудандастырылды. Жұмсақ жаздық бидай – Красноуральская, қатты жаздық бидай – Янтарная 60, дәнді құмай – Дергачевское, тары – Ярлык Батыра, ноқат – Ровенский, жасымық – Екатериновская. Осы сұрыптарды біртіндеп өндірісте кеңінен тарату бойынша жұмыстар жалғасады. Олардың ерекшелігі – біздің климатқа бейімделген, – деп атап өтті Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақов.

Жалпы биыл көктемгі егіске қажетті тұқым толығымен дайындалған. Нақтырақ айтқанда, жаздық дәнді дақылдар тұқымы 16,2 мың тонна деп есептелсе, бүгінгі күнге дайындалғаны 16,3 мың тонна немесе қажеттілікң 100,5  пайызға орындалған.  Қажетті майлы дақылдар тұқымы 0,84 мың тонна болса, бұл 0,85 мың тонна немесе 101,2 пайыз дайын.  Мал азықтық дақылдар тұқымы қажеттілігі 0,68 мың тонна, картоп тұқымына қажеттілік – 6,0 мың тонна. Бұлар да толық көлемде дайын.

Айта кетейік, биыл облыста 515 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егу жоспарланған.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»