8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Желтоқсан 2018 2794 0
Жалын

«ОРАЛ АРУЫ – 2019». КАСТИНГ ӨТТІ

«Орал аруы – 2019» сұлулық байқауына іріктеу жүргізілді.

Кастинг Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өтті. Биылғы жылы кастингке «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы» қоғамдық қорының өкілдері Рустам Қалмамбетов пен Юрий Якуб келген. Қыздарды таңдауда аймақтық іріктеу кезеңінің директоры Жұлдыз Құспанова мен «Орал аруы – 2018» аталымының иегері Айдана Каримова қазылық етті. Сарапшы ретінде «Орал аруы – 2010», «Қазақстан аруы – 2010», «Ең үздік топ-модель» аталымдарының иегері Жанна Жұмалиева шақырылды.

Жұлдыз Құспанованың айтуынша, кастингке қатысуға 15-25 жас аралығындағы 70-тен аса ару тіркелген. Ал іріктеуге 41 бойжеткен келіпті. Олардың қатарында облысымыздың сұлуларымен қатар Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облысының қыздары бар.

– Үміткерлер туралы барлық мәліметті ұйымдастыру комитетіне жолдадық. Келесі жылы «Орал аруы» байқауына қатысушыларды алматылық комиссия шешеді, – дейді Жұлдыз Қазиқызы.

Байқау келер жылы «Қала күні» мерекесіне орай ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

             

«ЖАЙЫҚ ҮНІ»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
42 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
252 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
590 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
307 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»