8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қараша 2018 3565 0
Жалын

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Орал қаласы әкімі М.Мұқаевпен кездесті.

Қала әкімінің балалармен кездесуі қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында ұйымдастырылды. Жас қонақтарды қуанышпен қарсы алған Мұрат Рахметұлы Елбасының балалар мен жасөспірімдердің дамуына ерекше көңіл бөліп отырғанын, мемлекетімізде әр баланың білім алып, қабілеттерін жетілдіруі үшін  барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын жеткізді.

– Мемлекет басшысы келер жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Бүгінде қала әкімдігі жастардың әр бастамаларын қолдайды. Сіздер бүгіннен бастап сабақтарыңызды жақсы оқып, білікті маман болуға ұмтылуларыңыз керек, – деген қала басшысы ән, спорт немесе тілді дамыту, ІТ саласы бойынша қызығушылық танытқандарға үйірмелерге қатысуларына қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Балалар өздері туралы айтып, оқу үлгерімдері, болашақ арман-мақсаттарымен бөлісті. Қаланы дамытуға қатысты ұсыныстарын да ортаға салды.

Сонымен қатар балғындар қала әкімдігі ғимаратын аралап, қалалық құрылыс, сәулет, спорт, мәдениет бөлімдерінің жұмыстарымен танысты. Мәселен, сәулет бөлімінде жас қонақтарға  болашақ «Ақжайық» шағынауданының 3D жобалық үлгісі көрсетілді. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышбек Мұқанғалиев, Спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Азамат Нұрмұхамбетов бөлім мамандарының жұмысымен, саладағы жетістіктермен таныстырды. Балалар да сұрақтарын қойып, әр бөлімнің жұмысына қызығушылық танытты.

Кездесу  соңында тәрбиеленушілерге кітаптар, спорттық жабдықтар сыйға тартылды. Сондай-ақ Мұрат Рахметұлы жуық арада отбасылық балалар ауылына арнайы қонаққа баруға уәде берді.

Айта кету керек, аталмыш шараның ұйымдастырылуына «Аялаған алақан» қайырымдылық қоры ұйытқы болды.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
274 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»