ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Орал қаласы әкімі М.Мұқаевпен кездесті.

Қала әкімінің балалармен кездесуі қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында ұйымдастырылды. Жас қонақтарды қуанышпен қарсы алған Мұрат Рахметұлы Елбасының балалар мен жасөспірімдердің дамуына ерекше көңіл бөліп отырғанын, мемлекетімізде әр баланың білім алып, қабілеттерін жетілдіруі үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын жеткізді.
– Мемлекет басшысы келер жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Бүгінде қала әкімдігі жастардың әр бастамаларын қолдайды. Сіздер бүгіннен бастап сабақтарыңызды жақсы оқып, білікті маман болуға ұмтылуларыңыз керек, – деген қала басшысы ән, спорт немесе тілді дамыту, ІТ саласы бойынша қызығушылық танытқандарға үйірмелерге қатысуларына қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Балалар өздері туралы айтып, оқу үлгерімдері, болашақ арман-мақсаттарымен бөлісті. Қаланы дамытуға қатысты ұсыныстарын да ортаға салды.
Сонымен қатар балғындар қала әкімдігі ғимаратын аралап, қалалық құрылыс, сәулет, спорт, мәдениет бөлімдерінің жұмыстарымен танысты. Мәселен, сәулет бөлімінде жас қонақтарға болашақ «Ақжайық» шағынауданының 3D жобалық үлгісі көрсетілді. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышбек Мұқанғалиев, Спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Азамат Нұрмұхамбетов бөлім мамандарының жұмысымен, саладағы жетістіктермен таныстырды. Балалар да сұрақтарын қойып, әр бөлімнің жұмысына қызығушылық танытты.
Кездесу соңында тәрбиеленушілерге кітаптар, спорттық жабдықтар сыйға тартылды. Сондай-ақ Мұрат Рахметұлы жуық арада отбасылық балалар ауылына арнайы қонаққа баруға уәде берді.
Айта кету керек, аталмыш шараның ұйымдастырылуына «Аялаған алақан» қайырымдылық қоры ұйытқы болды.



Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу