8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2026 404 0
Таза Қазақстан

Орал қаласында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жалғасуда

Орал қаласының экологиялық ахуалын жақсарту, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру және қала аумағын көгалдандыру мақсатында Ақжайық шағын ауданында кезекті ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Аталған игі шара барысында аумаққа 60 түп пирамидалық тополь ағашы отырғызылды.

Көгалдандыру жұмыстарына Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев арнайы қатысып, қала аумағын жасыл желекке айналдыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Пирамидалық тополь – қала климатына бейім, қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, ауаның тазалығын арттыруға септігін тигізетін ағаш түрі. Мұндай бастамалар шаһардың көркін арттырып, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Орал қаласында абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл – қаланың экологиялық мәдениетін қалыптастырумен қатар, келешек ұрпаққа жасыл әрі көрікті орта қалдыру жолындағы маңызды қадам.

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
92 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
288 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
276 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»