Орал қаласында «Азаматтық ресурстық орталық» ашылды
Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ашылған орталық үкіметтік емес ұйымдарды құқықтық, техникалық және ақпараттық қолдау көрсетеді.

– Орталықта үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатындағы заңгерлік, бухгалтерлік қызметтер көрсетілді. Ол үшін арнайы мамандар шақырылады. Әр үкіметік емес ұйымның өкілдеріне осы алаңға келіп, жұмыс жасауына шаралар өткізуіне жағдай жасалған. Орталықта екі маман жұмыс жасайды. Олар жұмыс регламентін реттеу, және ұйымдардың атқарған жұмыстарын жарықтандыру мақсатында жұмыстанады Кеңсе қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған, – дейді жобаны жүзеге асырушы «Болашақ» корпоративтік қорының жетекшісі Салтанат Тұманбаева.
Салтанат Тұманбаеваның айтуынша, жақын күндері орталық жұмысының тиімділігін арттыру және қойылған мақсаттарына жету үшін үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша әдістемілік құрал дайындалады. Үкіметтік емес ұйымдардың дамуына бағытталған семинарлар өткізу, үкіметтік емес ұйымдардың мектебін ұйымдастыру алдағы уақыттың еншісінде.
Атап өту керек өңірде 655 үкіметтік емес орталық тіркелген. Олар азаматтық бастамаларды дамыту, ғылым мен білімді дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, гендерлік теңдік, жастарға қолдау көрсету бағыттары бойынша жұмыс жасайды.
Жаңа орталық «ORLI A.Z» бизнес орталығы ғимаратының 5-қабаты 508 кеңсесінде орналасқан.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді

Кіру
Пікір үстеу