ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Бүгін Орал қаласы әкімі М.Мұқаев Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жұмысымен танысып, орталыққа келетін жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

«Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биыл ақпан айында ресми түрде өз жұмысын бастады. Мекемеде 15 қызметкер бар. Олар жастар бастамаларын қолдау, мемлекеттік бағдарламаларды жастарға түсіндіру, теологиялық кеңес беру және мониторинг жұмыстар жүргізу бағыттарында жұмыс жасайды.
Әр бөлімнің жұмысымен танысқан қала басшысы коворкинг орталықта студент-жастармен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады.

Мекеме басшысы Болатбек Сахиев жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, еріктілер қозғалысын кеңінен дамыту жобаларын жүзеге асыру жоспарланғанын жеткізді. Арнаулы және жоғары оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында барлық оқу орындарымен және қалалық жұмыспен қамту ортылығымен тығыз жұмыс жүргізілуде.
Белсенді студент Наргиза Қибатова қала орталығында коворкинг орталықтың ашылуы жастардың дамуына, сабаққа дайындалуларына көмегін тигізгенін атап өтті. Сондай-ақ осы орталықтан тегін тілдік оқыту курсы ашылғанын қалайтынын жеткізді. Басқа да студенттер бұл ойды жалғап, қаланың басқа шағынаудандарында коворкинг орталықтар ашып, тегін курстарды ұйымдастыруды ұсынды. Жастардың шығармашылығын дамыту мақсатындағы ұсыныстар да айтылды.
– Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Сондықтан жастардың нақты ұсынысы бізге маңызды. Коворкинг орталықтар ашу үшін оқу орындары базасынан немесе жаңадан салынған ғимараттардан орын қарастыратын боламыз, – деді Мұрат Рахметұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу