ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ
Бір айдан соң жаңа оқу жылы басталмақ. Осы орайда 30 шілде күні Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков шаһардағы ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар білім ұйымдарын аралап шықты. Сонымен қатар жаңа мектептердің құрылыс жұмыстарын да бақылауға алды.
Алдымен қала әкімі «Меловые горки» елдімекенінде салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысына барды. Бұл ауылдағы №18 негізгі мектебі оқушыларға үш ауысымда білім береді. Жаңа мектеп салу арқылы үш ауысымды оқыту мәселесін шешу көзделген. Мердігер мекеме – «Альтаир» ЖШС. Екі ай бұрын басталған құрылыс жұмыстары 2022 жылдың бірінші тоқсанында аяқталмақ.
– Құрылыста 80 шақты адам жұмыс жасауда. Техника өзіміздікі, құрылыс материалдарын жергілікті кәсіпорындардан алып жатырмыз. Қазіргі уақытта бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйек айында тас қалауды басталады. Жұмыс күші жеткілікті, – деді учаске басшысы Владимир Гальчанский.
Күні ертең жаңа оқу жылы басталатынын еске салған қала басшысы мердігер мекеме өкілдеріне қауіпсіздік қағидаларын ұмытпауды ескертті. Сонымен қатар жұмыстың сапалы болуы керектігін баса айтты.
Бұдан соң қала басшысы соң апатты деп танылуына байланысты қайтадан салынып жатқан №33 жалпы білім беретін мектептің құрылыс алаңына барды. Сондай-ақ №13 орта мектепке келіп, мұндағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 2021 жылдың 5 тамызы күнгі №30 санынан оқи аласыздар.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру

Пікір үстеу