ОРАЛ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 10 ақпанындағы келісімі негізінде облыстық білім басқармасының бұйрығымен Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы лауазымына конкурстық негізінде Ақжарқын Темірханова қабылданды.

Ақжарқын Мүтиғоллақызы Темірханова 1970 жылы Қазталов ауданында дүниеге келген.
1993 жылы А.С. Пушкин атындағы педагогикалық институтын «Математика, информатика және есептеуіш техникасы пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
1993-2000 жылдары А.Иманов атындағы №12 КТЛ – математика пәні мұғалімі, 2000-2003 жылдары №44 орта жалпы білім беретін мектебінің директор орынбасары, 2003-2020 жылдары №44 орта жалпы білім беретін мектебінің директоры қызметін атқарған.
ҚР Тәуелсіздігі 20 жылдық медалімен, ҚР БжҒМ «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.
Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков және БҚО білім басқармасының басшысы А.Тржанова жаңа басшыны бөлім қызметкерлеріне таныстырып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі. Білім саласы бойынша Елбасы қойған тапсырмаларды барлық мектеп директорларымен қоян-қолтық жұмыс жасап, орындау тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу