8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Желтоқсан 2023 3148 0
Қалалықтар қаперіне

Оралға келетін рейстер кешігіп жатыр


Ауа райының қолайсыздығына байланысты Оралға келетін рейстер кешігіп жатыр.

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-ның баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың мәлім еткеніндей, бұл ең алдымен Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр.

«Атап айтқанда, Астана-Орал, Алматы-Орал бағытындағы рейстер кешігуде. Сондай-ақ осы себеппен бүгін Атырау-Орал рейсі тоқтатылды. Бүгін таңда Оралдан Шарм-эль-Шейхқа ұшақ ұшып кетті. Әуежай штаттық режимде жұмыс жасап жатыр», – дейді А.Сақпосынова.

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада мұндай жағдай келесі рейстердің кешігуіне соқтыруы мүмкін екендігі айтылған.

«Осыған байланысты жолаушылар әуе компанияларының анықтамалық қызметтерінен өз рейсінің ұшу уақытын алдын ала нақтылап, сондай-ақ СМС түрінде келетін ақпаратты ескергені жөн. Әуе компаниясының кінәсінен рейс кідіртілген жағдайда жолаушыларға кешігу мерзімінің ұзақтығына байланысты ҚР заңнамасында көзделген қызметтер (салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде орналастыру) ұсынылады» делінген хабарламада.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»