8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Ақпан 2022 2136 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛҒА ИТАЛИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Кеше, 23 ақпан күні кешкісін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Қазақстан Республикасындағы Италияның төтенше және өкілетті елшісі Марко Альберти мырзаны арнайы қабылдады.

Кездесуде екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Шаһар басшысы Орал қаласындағы өнеркәсіптің әр түрлі саласын дамытуға мүмкіндігі зор, әлеуеті жоғары, ресурстық жағынан әл-ауқатқа ие облыс орталығы ретінде қала экономикасының тұрақты даму үрдісін сақтап келе жатқаны жөнінде хабардар етті.

Италияның төтенше және өкілетті елшісі Марко Альберти мәдени байланысты нығайту, оның ішінде жастарға арналған тіл курстарын дамытуға қатысты ұсыныстарын айтып өтті. Сонымен қатар елші көгалдандыруға қатысты жобаларға тоқталып, шаһарда жүзеге асқан «Smart city» жобасын одан әрі оңтайландыруға қатысты өз пікірін білдірді.

Кездесу соңында елші Орал қаласының өркендеп, өсіп келе жатқанына оң бағасын беріп, қаланың таза әрі әдемі екенін атап өтті. Өз кезегінде қала әкімі Марко Альберти мырзаға іскерлік, мәдени-рухани байланысты дамыту қай жағынан да тиімді екендігін айтып, естелік сыйлық табыс етті.

Ақарыс ӘЙІПТЕГІ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
37 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
303 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
294 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»