8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Мамыр 2021 2312 0
Қоғам

«ҚОЛТАҢБАМ БАР МЕНІҢ ДЕ…»

Осындай атаумен тіл жанашыры, аудармашы Гүлнәр Әлжанованың кітабы  жарық көрді. Кітаптың тұсаукесері бүгін, 26 мамыр күні  Оралдағы Салтанат сарайында өтті. Автордың 60 жасқа толу мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған тұсаукесерге қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қатысты. 

Гүлнар Жәрдемқызы облыс жұртшылығына  мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырушы,  тіл жанашыры, аудармашы ретінде танымал. Аударма әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар. Соның ішінде «Экологиялық тәрбиенің негіздері», «Соқпақ», «Ақжайықтың қорықтары», «Турист ізкесушілер жорықта»,  «Астродинамика негіздері» атты бірнеше кітаптарды орыс тілінен тәжімалап, қазақ тілді оқырманға ұсынған автор.

Шарада кеш иесіне  ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың атынан онамастика саласын жүзеге асыру барысындағы елеулі еңбегі үшін Құрмет грамотасы, БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың алғыс хаты табысталды.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев педагогтар әулетінде дүниеге келіп, солардың  ізімен ұлы мамандықтың жолын таңдаған Гүлнәр Жәрдемқызының ұстаздықпен қатар,  облысымыздағы ономастикалық мәселелерді шешуде белсенділігі, мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға сүбелі үлесі, аудармашылық қызметі туралы айтып, өз сөзін ізгі лебізбен жалғады.

Сондай-ақ Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайрлиев, облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ганиева, білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының директоры Гүлмира Кубашева, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ерболат Исанов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент,  облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Алтынбек Әбділманов, М.Өтемісов атындағы БҚУ ректораты атынан Айдарбек Ахметұлы құттықтау сөз сөйлеп, алғыс хаттар ұсынды.

Тұсауы кесілген «Қолтаңбам бар менің  де…» кітабына Гүлнәр Әлжанованың туындылары мен авторлардың өзіне арнаған шығармалары енген.  Кітап 200 дана таралыммен шыққан.

Шара соңында кеш иесі  Гүлнәр Жәрдемқызы кітаптың тұсаукесерін ұйымдастырған қала әкімдігі мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне алғысын білдірді.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

суреттерді түсірген В.ПРЕДЫБАЙЛО

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
114 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
89 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»