«ҚОЛТАҢБАМ БАР МЕНІҢ ДЕ…»
Осындай атаумен тіл жанашыры, аудармашы Гүлнәр Әлжанованың кітабы жарық көрді. Кітаптың тұсаукесері бүгін, 26 мамыр күні Оралдағы Салтанат сарайында өтті. Автордың 60 жасқа толу мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған тұсаукесерге қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қатысты.
Гүлнар Жәрдемқызы облыс жұртшылығына мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырушы, тіл жанашыры, аудармашы ретінде танымал. Аударма әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар. Соның ішінде «Экологиялық тәрбиенің негіздері», «Соқпақ», «Ақжайықтың қорықтары», «Турист ізкесушілер жорықта», «Астродинамика негіздері» атты бірнеше кітаптарды орыс тілінен тәжімалап, қазақ тілді оқырманға ұсынған автор.
Шарада кеш иесіне ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың атынан онамастика саласын жүзеге асыру барысындағы елеулі еңбегі үшін Құрмет грамотасы, БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың алғыс хаты табысталды.
Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев педагогтар әулетінде дүниеге келіп, солардың ізімен ұлы мамандықтың жолын таңдаған Гүлнәр Жәрдемқызының ұстаздықпен қатар, облысымыздағы ономастикалық мәселелерді шешуде белсенділігі, мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға сүбелі үлесі, аудармашылық қызметі туралы айтып, өз сөзін ізгі лебізбен жалғады.
Сондай-ақ Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайрлиев, облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ганиева, білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының директоры Гүлмира Кубашева, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ерболат Исанов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Алтынбек Әбділманов, М.Өтемісов атындағы БҚУ ректораты атынан Айдарбек Ахметұлы құттықтау сөз сөйлеп, алғыс хаттар ұсынды.
Тұсауы кесілген «Қолтаңбам бар менің де…» кітабына Гүлнәр Әлжанованың туындылары мен авторлардың өзіне арнаған шығармалары енген. Кітап 200 дана таралыммен шыққан.
Шара соңында кеш иесі Гүлнәр Жәрдемқызы кітаптың тұсаукесерін ұйымдастырған қала әкімдігі мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне алғысын білдірді.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
суреттерді түсірген В.ПРЕДЫБАЙЛО
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру


Пікір үстеу