ОЮМЕН КӨМКЕРІЛГЕН GGG ЖЕЙДЕЛЕРІ

Жақында Головкиннің атына байланысты мұхиттың арғы бетінен қуанышты хабар келді. Анығырақ айтқанда, спорт киімдері мен тауарларын сататын әлемдік Nike дүкендер желісі GGG брендімен жейделер сатуды бастаған.

Nike – әлемдегі ең атақты спорт бренді. Forbes журналының зерттеуінше, Nike компаниясының құны 2016 жылы 27 миллиард долларды құраған. Осылайша өзінің басты бәсекелесі Adidas брендінен 4 есе (7 миллиард) озып кеткен. Осындай алып компания енді қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген жейделер шығарып отыр.
Nike-тің ресми сайтында «No Draw», «BooGGGey Man» және «GGG» жазулары бар 8 түрлі жейде сатылымға шығарылған. Бағасы $28.97 (10 мың тг) басталып, $65 (25 мың тг) дейін барады. Барлық жейдедегі «GGG» жазуы қазақтың ұлттық ою-өрнегімен өрнектелгенін ерекше айта кету керек.

Негізгі Геннадий Головкин Nike компаниясы мен әйгілі баскетболшы Майкл Джорданның бірлескен сауда маркасы Jordan брендімен келісімшартқа сонау 2016 жылы қол қойған. Геннадий сол кездің өзінде Андре Уорд пен кіші Рой Джонстан кейінгі брендті ресми таныстыратын үшінші боксшы атанған.
Головкин өткен жылы қыркүйекте мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп, орта салмақ дәрежесінде әлем бокс тарихындағы атақты боксшылар қатарына қосылу мүмкіндігін төмендетіп алған еді. Бірақ WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдарының басын бір жерге қоса білген Гена әлемдік деңгейде өз брендін қалыптастыра алды. Оның айқын дәлелі біз сөз етіп отырған Nike жейделері.
Кәсіпқой аренада Головкин нашар боксшы болған жоқ. Жалпы 40 жекпе-жек өткізіп, 38 мәрте жеңіске жетті. Оның 34-ін нокаутпен ұтты. Бұдан бөлек бір рет тең түсіп, бір мәрте жеңілді. Соңғы екі нәтиже де Сауль Альвареске қарсы кездесулерде тіркелді. Кәсіпқой бокста осындай толағай табысқа жеткен отандасымыз ел мақтанышы деген атқа әбден лайық.
Дереккөз: Abai.kz Қуаныш Қаппас
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу