8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қазан 2018 2303 0
Өзек

ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ НЕГЕ САПАСЫЗ

Орал қалалық мәслихатының индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй коммуналдық мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері қаланың санитарлық тазалығына жауапты мекемелердің бірі  – «ОралТазаСервис» ЖШС-нда көшпелі комиссия отырысын өткізді.

Қаладағы ««ОралТазаСервис» ЖШС көп пәтерлі және жеке үйлерден шығарылатын тұрмыстық-қатты қалдықтарды тасымалдаумен айналысады. Сол сияқты жазғы және қысқы маусымдарда қала ішіндегі көлік жолдарын тазартып, қар шығару ісімен айналысады әрі өздеріне бекітілген аумақтарға санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізеді.  Кездесу барысында серіктестік басшысы Рафхат Данағұлов депутаттарды мекеменің қазіргі жағдайымен таныстырды. Бұдан бұрын да мекеменің жай-күйінен хабардар халық қалаулылары білікті басшының жаңашыл бастамаларды қолға алғанын көріп қуанды.

Жаңа бағдарлама іске қосылады

          Қазіргі таңда 150-дей адам еңбек етеді. Жалақылары уақытылы. Мекеме балансында 40 арнайы техника бар. Күні бүгінде қаланың 700 нүктесінде 3000 қоқыс жәшігі орнатылған.  Күніне 25 машина қоқыс жинауға шығарылады екен. ­– Күні бүгінде абоненттік және келісімшарт бөліміне бірыңғай база орнатылды. Қоқыс таситын көліктердің бәрін қадағалап отыратын эксплуатация бөліміне Мәскеуден бір бағдарламаға тапсырыс беріп жатырмыз. Бағдарлама аясында әр жүргізушіге планшет беріледі. Олар қоқыс жәшіктерін қоқысты тазаламас бұрын, тазалағаннан кейін суретке түсіреді. Оның бәрі бірыңғай базада сақталады, – дейді серіктестік басшысы.  Бағдарлама жүзеге асқан соң кез келген тұрғын сайтқа кіріп, қала қаншалықты деңгейде тазаланғанын қадағалай алады. Қазіргі таңдағы ең үлкен мәселе – қоқыс жәшіктерінің ескілігі. Негізінен толықтай ауыстыруды қажет етеді. Осыдан екі жыл бұрын орнатылған 500-ге жуық еуропалық үлгідегі қоқыс жәшіктерінің металы өте жұқа болғандықтан, сапасы сын көтермеді, яғни қоқыстың салмағына шыдас бермей, дөңгелектері сынып пайдасыз болып қалған. Ағымдағы жылы қоқыс жәшіктері мүлдем жаңартылмағаны өз алдына, жетіспейді де. Талапқа сай бір нүктеде 5-6 қоқыс жәшігі тұруы керек болса, қазір 1-2-еуден ғана қойылған. Бір әттеген-айы, кей тұрғындар қоқыс жәшіктерін тұрмыстық қалдықтармен қоса топырақпен де толтырады екен.

Жұмыс сапасын арттыру үшін  соңғы үш жылда барлық  көлікке арнайы «GPS» қондырғысы орнатылған. Соның нәтижесінде жүргізушілердің күнделікті жұмысын, яғни қоқысты уақытылы тасымалдауын, күніне тиесілі жанармайды үнемді жұмсауына дейін мамандар компьютер арқылы бақылап  отырады.

                   

100 млн. қарыз қордаланған

          Депутат Александр Крылов  бүгінде тұрғындардың қордаланған қарыздарын қайтару жайын сұрады. Мекеме басшысының айтуынша, бүгінде тұрғындардың қоқысқа берешегі 100 млн.-ды құрайды. Қазіргі таңда борышкерлерге ескертулер жіберілуде. Одан әрі іс сотта қаралады.   Қазір қала халқының 50 пайызы ғана қарызын уақыты төлейді. Тамыз айының 1-інен бастап қоқыс тарифі көпқабатты үй тұрғындары үшін  – 215, жеке секторлар үшін 219 теңге болып бекітілген. Сондай-ақ жанар-жағармай бағасының жұма сайын шарықтауы да мекеме жұмысының ілгерілеуіне кедергі келтіруде, қазір жанармай бағасы 200 теңгеге жеткен.

Мекеменің өзекті мәселелерін тыңдаған депутаттар мәселенің түйінін шешуге атсалысатындарын жеткізді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
247 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
510 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
750 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
784 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
939 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1133 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1370 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1453 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1560 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1571 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1599 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1607 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1709 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1929 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2238 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2123 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2236 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»