ҚОҚЫС ШЫҒАРУДЫҢ ЖАҢА ТАРИФІ БЕКІТІЛДІ
Бұдан бұрын айтылғандай, алдағы жылдан бастап қоқыс шығару тарифі қымбаттайды. Бүгін Орал қалалық мәслихатының 39-шы кезекті сессиясында депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көмуге арналған жаңа тарифті бірауыздан бекітті.

Қалалық тұрғын үй шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Қанат Өмірәлиевтің айтуынша, қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигонындағы бүгінгі таңдағы негізгі мәселе – қоқыстың шектен тыс толып кетуі және өртенуі болып отыр. Мәселені шешу үшін айтарлықтай қомақты қаражат қажет.
– Полигон 44 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қалдықтарды дұрыстап көмуге қажетті техниканы жалға алу үлкен шығынды талап етеді. Қазіргі тариф құнын есепке алсақ, текшеметрі 160 теңгені құрайды. Яғни, қоқысты көмудің тоннасы – 761 теңге. Кәсіпорын өз шығынын өтей алмайды. Мысалы, Ақсайдағы осы тектес полигондағы қоқыс көмудің бір тоннасы – екі мың теңгені құрайды, – дейді Қанат Өмірәлиев.
Енді жаңа жылдан бастап қала тұрғындары үшін қоқыс шығару тарифі 33 пайызға көтерілмек. Көпқабатты үй тұрғындары айына жан басына – 286,3 теңге төлейді. Ал жеке сектор тұрғындары айына жан басына – 291,6 теңге төлейтін болады. Айта кету керек, жаңа тариф бойынша қалалықтар қашаннан бастап төлем жасайтыны әзірге белгісіз.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу