8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2019 2336 0
Өзек

ОҚЫРМАНДАР ӨКПЕЛІ…

Маман тапшылығы облыстық клиникалық аурухананың жарақат бөлімінде көптен байқалып жүрген мәселе.  Әсіресе, биылғы қыста ауа-райының сан құбылуынан көк мұзға тайып, қол-аяғын майып қылғандардың ұзын-сонар кезекке тұрған күндері аз емес. Бұл, «маусымдық жағдай» деп түсіндіреді мұндағы дәрігерлер.  Дегенмен, алған жарақаты жанын қинағанда күтудің өзі ауруды еселеп жібереді емес пе?!

Нарғыз ӨРКЕН, Орал қаласының тұрғыны: 

– Қате аяқ астынан болмай ма?! Қыс ортасында бауырым көк мұздың кесірінен құлап қалып, облыстық аурухананың травматология бөліміне бардық. Рентгенде қарақұрым кезек екен. Жедел жәрдем көлігі де 45 минут кешігіп келді. Бауырымның сынған аяғы шыдатпады. Енді рентгенге түсірейік десек, кезектегілер есіктің маңайына жолатпады. Кейбірі осыдан бір ай бұрын аяқ-қолдарын сындырып, басын жарып, тексерілуге келіп тұрғандар екен. «Өлім мен өмірдің арасында тұрсың ба?» деп сырқаттың жағдайымен санасып жатқан ешкім жоқ. Ауруларды қабылдайтын екі кабинетке бас сұқтым. Іште ешкім жоқ. Ұзын дәліз жақтан медбике  көрінді. Мән-жайды айтып: «Дәрігерлер қайда? Аяқ астынан сырқаттанып келгендерге неге жедел көмек көрсетілмейді?» деп сұрап едім. «Апай, осы облыстық аурухана бара-бара жабылып қалатын шығар. Себебі, дәрігерлер жоқтың-қасы. Барлық бөлімдерде дәрігер жетіспейді. Бір  дәрігер ғана жоғары палаталарда жүр. Күніне кем дегенде 13 ота жасалады. Сол науқастардың жағдайын тексеріп, төменгі қабатқа түскенше дәрігерді күтесіздер. Рентгенде де осы мәселе. Жалғыз дәрігер. Бір ғана аппарат» деп жауап берді.

Кезегіміз келіп болмады. Бір жерің сынбақ түгілі қирап қалсаң да кезек күтушілер «мұнда үш сағаттан бері тұрмыз, күнде осындай жағдай» деп мыңқ етпеді. Амал нешік? Бауырымның сырқаты жанына қатты батса да кешкі сегізден түнгі 12.30-ға дейін облыстық аурухананың жарақаттану бөлімінің бірінші қабатында әрі-сәрі күй кешіп жүрдік. Осыншалық уақыт ішінде науқасты күттіріп қоятын мұндай аурухананың барынан жоғы жақсы емес пе? Әзер дегенде рентгенге түсірді. Сол күнгі ұзынсонар кезекті телефондарына түсіріп, ашуға булыққан қарапайым халықтың өкпе-ренішін жеткізу мүмкін емес. Болашақта, облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы мәселені жіті қадағаласа екен деймін?!

Азамат Ғабдікәрімұлы, Орал қаласының тұрғыны:

– Өткен жылы інім басынан қатты соққы алып, жарақат бөлімінің көмегіне  жүгінгенбіз. Дәрігердің қабылдауынан кейін компьютерлік томографияға түсіруге жіберді. Бірақ, оның қорытындысын білу үшін нейрохирургті күтіп бірнеше сағат отыруымызға тура келді. Амалымыздың жоқтығынан, інімді сол дәлізге жатқыздық. Бізден басқа да жарақатпен келгендер аса көп болмағанымен, бәрі де дәрігерді күтумен отырды.

Тағы бір мәселе – әупірімдеп, дәрігердің қабылдауына кіргенімізбен, ол «тыныштық қажет» деп үйімізге жібермек болды. Інімнің басын көтере алмай жатқанын көре тұра неге бұлай айтқанын түсіне алмадық. Бұған келіспейтінмізді айтып,  ауруханаға жатқызуын, ем тағайындауын өзіміз сұрап алдық.  Кешкі 21.00 шамасында жарақат бөліміне келген біз, інімді орналастырып түнгі 3.00 шамасында үйге оралдық. Жанында жүрген біздің осынша уақыт дәрігерді күтуден дегбіріміз қашты. Ал аурудың жағдайы қандай мүшкіл болатыны тек өзіне ғана аян.

Облыстық ауруханада дәрігер жетіспесе, аудан-ауылдың күйі қандай

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
103 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
323 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
809 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1185 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1105 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1546 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2161 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2328 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2335 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2385 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2388 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2022 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2870 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2923 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2920 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3528 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3499 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3487 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3466 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3627 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3673 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»