ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ІІ ОБЛЫСТЫҚ АҚҰШТАП ОҚУЛАРЫ ӨТТІ
БҚО-да «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атты ІІ облыстық Ақұштап оқулары өтті. Оған ақын өлеңдерін жатқа оқитын, өз ойын көркем әлеби тілмен жаза білетін және ақын апамыздың ізін жалғастырушы, поэзияға құмар 48 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Байқауды Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығы және Теректі аудандық білім бөлімінің ұйымдастырды.
БҚО «Дарын» қосымша білім орталығының қоғамдық-гуманитарлық бөлімнің меңгерушісі Б.Биялиева атап өткендей, байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат – халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушылар одағының мүшесі, ақын А.Бақтыгерееваның өмірі мен шығармашылық еңбегін жеткіншек ұрпаққа танытып, насихаттау арқылы туған топырағымызды дәріптейтін арманшыл жасты іңкәр сезімге,өз Отанын, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу, адамды асқақ сезімге, құштарлыққа, адами жақсы қасиетке баулуды, әдеби тіл байлықтарын, көркем сөз оқу шеберлігін дамыта отырып,поэзияға қызығушылығын арттыру, ақын өлеңдерінің өміршеңдігін дәлелдеу.
Байқау «Мені оқитын халық бар…» (эссе жазу), «Өлең деген құдірет» (ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу), «Жырымды саған арнаймын» (жазба ақындар мүшайрасы) сынды үш аталым бойынша өтті.
Шараның ашылу салтанатында Ақұштап Бақтыгерейқызы бейне байланыс арқылы байланысқа шығып, оқушыларға сәттілік тіледі.
«Мені оқитын халық бар…» номинациясы бойынша қатысушылар ана тілі, туған өлке, жас ұрпақ тәрбиесіне жалынды жырлары мен сезім қылын шертер өлеңдерін арнаған қаламгердің шығармашылығы жайлы көңілде жүрген толғаныстарын, көңілге түйген ойларын терең ой, ұшқыр қиялдары арқылы қағаз бетіне түсіріп, қазылар алқасына жолдады. Қатысушының теориялық білімін, шығармашылық қабілетін тексеру мақсатында эссе жұмысы бойынша арнайы үш тақырып ұсынылды.
«Өлең деген құдірет» номинациясы бойынша қатысушылар ақынның әр түрлі тақырыпқа арналған өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп жатқа оқыды. Қазылар алқасы қатысушылардың ақын өлеңдерін қаншалықты жатқа білетіндерін видео арқылы байланысып, қорытындылады. Ереже бойынша қатысушы ақынның 20 өлеңін жатқа білуі керек болатын. Осы номинация бойынша Жаңақала ауданы, Жаңақала мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Мира Әбдрахманова қаламгердің өлеңдерін мүдірместен, нақышына келтіріп оқып, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені иеленді.
«Жырымды саған арнаймын» номинациясы бойынша қатысушы үміткерлер ақынға арналған өз туындыларымен сайысқа түсті. Қатысушылар қазылар алқасы берген тақырып бойынша А.Бақтыгерееваға арнап өлең шығарды. Бас жүлдеге ие болған дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы № облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Ақгүлім Ерболова өзінің ақынға арнаған өлеңінде ақынның шығармашылығына терең бойлап:
«Кешіп жырдың мың құбылыс жырасын,
Ғазалында ғасыр тұнған мұра шын.
Шағала боп жыр оқышы Жайыққа,
Құшақтасын жайып тастап құлашын…» деп өз жүрегінен шыққан туынды арқылы шынайы сезімін жыр шумақтарымен білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанып, өзінің тамаша өлең-жырларымен қазақ поэзиясының биіктеткен, көкжиегін кеңейткен талантты лирик ақын өлеңдерінде көркемділікпен бірге асыл қасиеттері мол. Ақұштап Бақтыгереева жырлары біздің жастарға қай кезеңде де керек. Әр жыл сайын байқауға қатысқан жас жеткіншектеріміз бүгінгі күні есімін ардақтап, жырларын жаттап қана қоймай, ой түйіп, бойларына сіңіріп өскен ұрпақ қазақ елінің рухы биік азаматы болып қалыптасары анық.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру

Пікір үстеу