Қоғамның амандығы үшін тынымсыз еңбек еткен жандар
Бүгін,қыркүйектің 16- ы күні БҚО Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның концерт залында өңірімізде алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің кәсіби мейрамына орай салтанатты жиын өтіп, БҚО әкімі Н.Төреғалиев құттықтау сөз сөйледі.
-Құрметті санитариялық – эпидемиологиялық саласының қызметкерлері мен ардагерлері!Халқымыздың денсаулығы мен амандығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген сіздердің кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Күрделі кезеңде медицина мамандары мыңдаған адамды құтқарып қалды.»Біз абзал жандардың табанды еңбегін бағалаймыз»‘- деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, табандылықтарыңыз және батыл қадамдарыңыздың арқасында індет ошақтары дер кезінде анықталып, ел ішінде таралу қаупі шектелді,- деген Н.Төреғалиұлы ҚР Премьер министрінің Алғыс хатымен, Денсаулық сақтау министрінің төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен,БҚО әкімінің Алғыс хатымен бірқатар ардагерлер мен аталмыш саланың қызметкерлерін марапаттады.Сондай- ақ БҚО санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Д.Жаңабергенов жүрекжарды лебізін айтып,Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен облыстық,қалалық,аудандық біраз қызметкерлерді марапаттады.Жиынның соңында әуезді әндер шырқалып, қатысушылардың көңілін серпілтті.
«Жайық үні»
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру