Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысы бойынша 2026 жылғы сәуір айында қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша ел Президентіне деген сенім деңгейі 86,7% құрады. Аталған көрсеткіш соңғы жылдары тұрақты жоғары деңгейде сақталып, қоғамның елді жаңғырту мен жүйелі реформалар бағытын берік қолдайтынын айғақтайды.

Президентке деген ең жоғары сенім деңгейі жастар арасында тіркелді – 91,4%. Бұл үрдіс сенім сипатының сапалық ерекшелігін көрсетеді. Жас буын мемлекет тарпынан ұсынылатын білім гранттары, түрлі бағдарламалар, цифрлық қызметтер және өзге де қолдау тетіктерін жиі пайдаланады. Сонымен қатар бүгінгі жастар елдің қарқынды даму кезеңінде қалыптасып келеді, бұл жағдай Президентке деген сенім деңгейіне де ықпал етпей қоймады.
Президентке деген жоғары сенім деңгейі қала тұрғындары (86,9%) мен ауыл халқы (86,7%) арасында да анық байқалады. Дегенмен сенімнің мән-мазмұны әртүрлі. Ауыл тұрғындары мемлекетпен инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік бағдарламалар мен төлемдер арқылы тікелей байланыс орнатса, қала тұрғындарының сенімі жүйелі өзгерістерді қабылдаумен және олардың нәтижелерін бағалаумен көбірек байланысты.
Ерлер де, әйелдер де Президентке жоғары деңгейде сенім білдіреді. Соған қарамастан, әйелдер арасындағы сенім деңгейі ерлермен салыстырғанда 3,8 пайызға жоғары.
Білім деңгейі тұрғысынан жүргізілген талдау Президентке деген сенім көрсеткішінде елеулі айырмашылықтарды анықтаған жоқ. Респонденттердің білім деңгейіне қарамастан, бұл көрсеткіш тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталуда.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, азаматтардың сатып алу қабілеті артқан сайын Президентке деген сенім деңгейі де өседі. Бұл экономикалық жағдайды оң бағалау мен Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын қолдау арасындағы өзара байланысты аңғартады.
Осылайша, алынған деректер Президентке деген сенімнің тұрақты сипатқа ие екенін және оның білім деңгейіне тәуелді еместігін, қала мен ауыл тұрғындары арасында айтарлықтай айырмашылық байқалмайтынын, сондай-ақ барлық жас топтарында жоғары екенін көрсетеді. Бұл өз кезегінде елді дамыту саясатына жүйелі қоғамдық қолдаудың бар екенін айғақтайды.
Әлеуметтанулық сауалнама ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Іріктемелік жиынтық көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға 18 жастан асқан, еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының – Астана, Алматы және Шымкенттің тұрғындары қатысты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру