ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНУДА
Оралда 9 желтоқсаннан басталған «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу шарасы жалғасуда. Аталмыш іс шараның алғашқы күнінен бастап тәртіп сақшылары күшейтілген қызмет түріне көшіріліп, қала ішіндегі және жол үстінде орын алатын түрлі құқық бұзушылықтар тексерілуде.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шараның алғашқы күнінде қоғамдық орындарда 3 қылмыс, көшеде 3 қылмыс тіркеліп, ілезде ашылған. Іздестірілуде жүрген 1 күдікті ұсталса, рұқсат етілмеген суық қаруларды ұстап жүрген 3 тұлға анықталды, ұсақ құқық бұзушылыққа жол берген 26 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 40 тұлға, мас күйде рөлге отырған 2 тұлға анықталды.
Сондай-ақ жедел алдын алу шарасы аясында қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі басшылары, «Нұр Отан» партиясының ресми өкілдері, көліктік бақылау инспекциясының, патрульдік полиция батальонының инспекторлары бірлесе рейдке шықты. Рейдке қатысқан жауапты басқарма мамандары тексерісті «Автобекет» ауданынан бастады. Одан әрі С.Датов көшесі бойымен жылжып, «Мечта» сауда үйі алдына келіп тоқтады. Осы тұстағы жол үстінде жылдамдықты үдеткен, көлік басқарып келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен, багажына толтыра жүк тиеген, жеңіл көліктің соңына ұзын тіркеме жалғаған, полиция қызметкерлерінің дабылы мен ескертуіне құлақ аспаған көлік иелерін тоқтатты. Әр көлік жүргізушісінің құжаттары мен сақтандыру полистері тексерілді. Бір автокөлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, арнайы автотұраққа қойылды.
Іс шара 13 желтоқсанға дейін жалғасады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу