ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ
Қала әкімдігі жанынан құрылған мониторинг топтар қоғамдық көліктерде карантиндік талаптардың сақталуына бақылау жүргізуде. 6 сәуірдегі кезекті тексеріс барысында № 1, 2, 5, 7, 20, 22 маршруттар бойынша 154 автобус тексерілді.
Қалада 29 маршрут бойынша күніге 400-ден аса автобус желіге шығады. Қала әкімдігі тарапынан жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелерге қоғамдық көліктерді дезинфекциялау, кондукторлар мен жүргізушілердің өздері бетперде режимін сақтап, жолаушыларға да ескерту жасауы қажеттігі түсіндірілген. Жыл басынан бері жалпы 32 жүргізуші мен кондуктор карантиндік талапты сақтамағаны үшін айыппұл төлеген. Әріптестеріне қолданылған шара өзгелеріне сабақ болды. Бүгінде жүргізуші-кондукторлар талапты бұлжытпай орындаудың эпидемиологиялық және қаржылық маңыздылығын ұғынғандай. Десе де жолаушыларға әлі де түсінік жүргізілуі қажет. Қазіргі уақытта бақылау көрсеткендей, жүргізушілер мен кондукторлар ескерту жасағанымен, кейбір жолаушылардың бетперделік режимге немқұрайлы қарайтындары бар.
– Автобусқа мініп жатқан жолаушыларға ескертіп тұрамын. Бәрінен талап етемін. Ескертуден соң қалталарынан шығарып тағып алатындары бар. Бірақ, кейбірі тыңдамайды, – дейді №22 маршруттың кондукторы Малика.
№5 маршруттың кондукторы Динара Серғазиева әсіресе таңертеңгілік уақытта бетпердесіз жолаушылар жиі мінетінін айтады.
– Бетпердесіз жолаушыларды мінгізбеймін. Бірақ, таңғы уақытта жұмысқа шығатындар бар. Дәріхананың жабық тұрғанын айтады. Автобус салонында антисептик бар. Қосымша бетперде бар, – деген Динара белгіленген талаптың сақталуын назарда ұстайтынын айтты.
Бірнеше автобусқа арнайы мінген мониторингтік топ мүшелері жолаушыларға қазіргі өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігі, бетперделік режимді сақтау талабы туралы түсіндірді. Сондай-ақ карантин талабын бұзу – 30 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салуға әкелетінін ескертті. Мониторинг топ құрамындағы полиция қызметкерлері қоғамдық көлік ішінде бетперде режимін сақтамағаны үшін 11 адамнан түсініктеме алды. Алынған түсініктемелер санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді. Сондай-ақ бетпердесіз жолаушыларды қоғамдық көлікке кіргізген жүргізушілер мен кондукторларға қатаң ескерту берілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру

Пікір үстеу