ҚОҒАМ ТӘРБИЕСІНЕ АНАЛАР КЕҢЕСІ БЕЛСЕНЕ АРАЛАСУЫ КЕРЕК
Бүгін Оралдағы Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оған облыстық, қалалық және аудандық аналар Кеңесінің мүшелері, облыстық, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері, оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі басшы орынбасарлары, жастар мен студенттер қатысты.
Аталмыш шараның негізгі мақсаты аналар Кеңесі қызметінің жүзеге асырылуы мен жұмыс бағытын талқылау, іс-шаралар жоспарын бекіту, аналар Кеңестерін мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысуына белсенді тарту, жастар арасында Қазақстан халқының мәдениетін, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарын насихаттау және тәрбие жұмысына белсенді араласуға аналарды тарту болып табылады.
Кеңес отырысының ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұлов 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аналар Кеңесінің төрайымдарын облыс әкімі А.Көлгіновтің атынан алғыс хаттармен марапаттап, шағын сыйлықтар табыстады.



Кеңес күн тәртібінің алғашқы сұрағы бойынша Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Хамидоллаұлы Қапақов Батыс Қазақстан облысында Аналар Кеңесі қызметінің картасының жүзеге асырылуы және Аналар кеңесінің қызметі мен жұмыс бағыты туралы баяндама жасады.
Казталов аудандық аналар Кеңесінің мүшесі Хабибуллина Нұрия Самиғоллақызы аудандағы аналар кеңесінің мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысуы жөнінде және аудан көлемінде биылғы жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесінің төрайымы Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы дәстүрлі қазақы тәрбие бағытында «Қазақ тәрбиесі жүйесіндегі ар-намыс пен абырой» тақырыбында ойымен бөлісіп, Аналар кеңесінің отырыстарында дәстүрлі қазақы тәрбие тақырыптарын талқылау туралы әңгімелер айтылуы қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ еңбек ардагері Сәния Хамзина, «Үміт» Орал өңірі әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлия Болатқызы, Сырым ауданы аналар кеңесінің төрайымы Гүлбақша Ерғалиева, жазушы-журналист Мира Шүйіншәлиева қоғамдағы өзекті тақырыптарды, келеңсіз жағдайларды қозғап, ұл-қыздардың тәрбиесіне аса көңіл бөлу қажеттігін айтты. Бұл үшін аналар кеңесі мүшелері әлеуметтік ұйымдармен байланыс орнатып, кеңес жұмысын күшейтуі керек.

Шара соңында кеңес мүшелері жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша шешім қабылдады.
Өз тілшіміз,
суреттерді түсірген Р.ХАЛЕЛОВ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу