8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Сәуір 2019 2210 0
Мәслихат жаршысы

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ХХV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

            Бүгін қала әкімдігінің үлкен залында  «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы өтті. Жиында Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Cъезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын өңірімізде жүзеге асыру барысы талқыланды. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV  конференциясына делегаттар сайланды.

            

«Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Мұқаевтың  төрағалығымен өткен конференция жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, партия активі, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, қалалық бөлім және кәсіпорын басшылары, «жасотандықтар» қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Халыққа көмек» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы туралы Орал қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қырмызы Айтқалиева баяндама жасады. Партияның съезінде Елбасы Н.Назарбаев атаулы әлеуметтік көмектің критерийлерін 70 пайызға көбейту және аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы әр балаға төленетін төлмақының шекті мөлшерін 20 789 теңгеге бекітуді тапсырған болатын.  Бөлім басшысының айтуынша, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында қалада нақты жұмыстар атқарылуда. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің төлену тәртібін халыққа түсіндіру мақсатында ағымдағы «Ашық әкімдік» шаралары өтуде. Жұмыспен қамту орталығы жанынан СаІІ орталығы құрылған. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа мемлекет қоржынынан 108,4 млн. теңге қаражат бөлінсе, оның 43,2 млн. теңгесі жергілікті, 65,2 млн. теңгесі республикалық бюджет есебінен қарастырылған. Наурыз айында 578 отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалса, олардың 167-сі көпбалалы отбасы.   Бұдан әрі «Құтты мекен» партиялық жобасы, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада атқарылып жатқан жұмыстар туралы Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мирас Мүлкәй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев баяндады.

Күн тәртібінің екінші мәселесінде сәуірдің 18-інде  Орал қаласында өтетін «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV  конференциясына қатысатын делегаттар сайланды.

Қала әкімі Мұрат Мұқаев  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешімін халық толық қолдайтынын жеткізді. – Бұл биліктің тұрақтылығы мен елдің бірлігін нығайту үшін қабылданған уақытылы әрі өте орынды шешім. «Nur Otan» партиясы сайлау науқанына тас-түйін дайын. Ол үшін біз өзіміздің ұйымдастырушылық, кадрлық, саяси және ақпараттық әлеуетімізді пайдаланып, заң аясында жұмыс істейміз. Сайлау еліміздегі тұрақтылық пен бірліктің одан әрі күшеюіне оң әсерін тигізіп, халықты Елбасының саясаты аясында жаңа мақсаттарға жетелейді деп сенеміз, – деген Мұрат Рахметұлы еліміздегі жетекші саяси партия ретінде «Nur Otan» Президент сайлауына белсенді түрде қатысатынын атап өтті.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында партияның кезектен тыс XIX съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойған. Сол съезде «Nur Otan» атынан сайлауға қатысатын кандидаттың есімі белгілі болмақ.  Осы орайда сөз Орал қалалық мәслихатының депутаты, Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры Нұржан Сертеков алдағы Президент сайлауы әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш жүктейтінін айтып, сайлаудың уақытынан бұрын өтуі еліміз үшін дұрыс қабылданған шешім деген пікірімен бөлісті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
111 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
332 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
818 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1195 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1112 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1555 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2170 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2338 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2344 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2394 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2397 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2029 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2879 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2932 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2928 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3538 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3510 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3496 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3475 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3636 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3682 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»