НЕСИЕСІН ӨТЕУ ҮШІН ЖЫЛҚЫ ҰРЛАҒАН
1991 жылғы казатловтық азамат мойнындағы несиені жабу үшін осындай әрекетке барған көрінеді. Оған 1972 жылғы және 1999 жылғы сыбайластары көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта өзгенің малын ұрлаған үшеуге қатысты іс материалдары сотқа жіберілді. Ал жылқылардың иесіне келтірілген шығын – 1 400 мың теңге көлемінде деп есептеліп отыр.
Оқиға 20 ақпан мен 28 наурыз аралығында Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында орын алған. Үш сыбайлас еркін жайылымда жүрген 4 бас жылқыны ұрлап, қораға қамаған. Одан соң сойып, қалаға әкеліп екі күн қатарынан сатқан.
Арнайы жедел іздестіру шаралары барысында оқиға орнында қараусыз қалған құдықтан 4 жылқының басы, аяқтары мен құйрығы, сондай-ақ іздер табылды. Фотосуреттер «whatsАpp» желісінде тарап кеткеннен кейін олар оқиға орнынан айғақтардың көзін жоймақ болған. Алайда, полицейлер оларды, яғни осы іске күдікті Казталов ауылының 1972, 1991 , 1999 ж.т., үш азаматын ұстады.
Анықталғандай, төрт жылқы осы ауданның 1956 жылғы азаматына тиесілі екен. Оған келген шығын – 1 400 000 теңге.
Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Іс сотқа жіберілген.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу