8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Сәуір 2021 2088 0
Өзек

НЕСИЕСІН ӨТЕУ ҮШІН ЖЫЛҚЫ ҰРЛАҒАН

1991 жылғы казатловтық азамат мойнындағы несиені жабу үшін осындай әрекетке  барған көрінеді. Оған 1972  жылғы және 1999 жылғы сыбайластары көмек көрсеткен. Қазіргі  уақытта өзгенің малын ұрлаған үшеуге қатысты  іс материалдары сотқа жіберілді. Ал жылқылардың  иесіне келтірілген шығын – 1 400 мың теңге көлемінде  деп есептеліп отыр. 

Оқиға 20 ақпан мен 28  наурыз аралығында Қазталов ауданы  Жалпақтал ауылында орын алған. Үш сыбайлас еркін жайылымда жүрген 4 бас жылқыны ұрлап, қораға қамаған. Одан  соң сойып, қалаға әкеліп екі күн қатарынан сатқан.

Арнайы жедел іздестіру шаралары барысында оқиға орнында қараусыз қалған құдықтан 4 жылқының басы, аяқтары мен құйрығы, сондай-ақ іздер табылды. Фотосуреттер «whatsАpp» желісінде тарап кеткеннен кейін олар оқиға орнынан айғақтардың көзін жоймақ болған. Алайда, полицейлер оларды, яғни осы іске  күдікті  Казталов ауылының 1972, 1991 , 1999 ж.т., үш азаматын ұстады.

Анықталғандай, төрт жылқы осы ауданның 1956 жылғы азаматына тиесілі екен. Оған келген шығын – 1 400 000 теңге.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Іс сотқа жіберілген.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
256 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
594 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»