8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қараша 2018 3770 0
Қоғам

ӨНЕРДІҢ ОРДАСЫНА АЙНАЛҒАН БІРЛЕСТІК

Елдің рухани дамуы мен кемелденуі үшін ең маңыздысы  мәдениет саласы екені мәлім. «Құлақтан кіріп бойды алар» тәтті әуен мен күмбірлеген күй, әуезді әуенмен үйлесім тапқан ырғақты би, рухани байлық сыйлайтын театр, кітапхана бәрі де осы мәдениет ұғымы аясында бірігіп, елге қызмет етіп келеді.

Мәдениеттің көшін алға апару, халықты мәдени-ағарту қызметімен кең көлемде қамтуды жүзеге асыруға, кәсіби және көркемөнерпаздық шығармашылықты дамыту үшін қажетті жағдайлар туғызуға, халықтың жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі шығармашылық қабілеттерін айқындауға, олардың бос уақытын ұйымдастыруға қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мәдени-ағарту бірлестігі өз үлесін қосып келеді.

Бірлестік  құрамындағы қаланың әр түрлі ауданында орналасқан балалар аула клубтары саны қазіргі таңда  17-ге толығып, бүгінде бірлестікке қарасты барлығы 23 аула клубы қызықты шығармашылық ұжым саналады. Балалар аула клубтарымен қатар жасөспірімдердің «Жас ұрпақ» әлеуметтік даму орталығы, Гагарин атындағы балалар кинотеатры, «Қазақ зағиптар» және «Қазақ саңыраулар» клубтары, «Жас жауынгер» аула клубы, «Ардагер» клубын қамтиды.

Бірлестікке қарасты клуб мекемелері жыл сайынғы Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауын, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау, «Болашақ – 2020»  жастар бағдарламасын іске асыру мен «Мәдени мұра» бағдарламасын,  қоғамдағы отбасы рөлін арттыру, ҚР Денсаулық  сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жоспарын орындау, ЖҚТБ (СПИД), туберкулезбен күрес және одан сақтандыру бойынша Қаулысын, қылмыспен күрес бағдарламаларын жүзеге асыру бағытында  жұмыстар жүргізіп отырады.

Сонымен қатар бөлімдер мемлекеттік және халықтық мейрамдарға, мерекелік күндерге арналған қалалық мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырып, өткізуде белсенділік танытып келеді.

 

Үйірменің үйретері көп

Аула клубтарында дарынды балалардың талабын ұштау, өнерге тәрбиелеу, жасөспірімдерге этикалық-эстетикалық тәрбие беру, ұлттық өнерімізді дәріптеу мақсатында  әр бала  қабілеті бойынша жеке-топтық деңгейге бөлініп, ән, көркемсөз, би, домбыра, қолөнер, балалар ассамблеясы, «Домбыра дастан» балалар ұлт-аспаптар ансамблі,  «Илигай» балалар хоры, «Жас эколог» және  спорт үйірмелері жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты аула клубтарының ән үйірмесіне қатысатын балаларды музыка тілін жақсы терең түсінуге бағыттау, хор шығармаларын көркем орындауға тәрбиелеуде «Илигай» атты хор ұжымы құрылған болатын. Мұнда Әдиет Қаратаевтың жетекшілігімен  27 бала тәрбиеленуде.

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда қазақтың ұлттық мәдени мұрасын қадірлеп, қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында  «Атамұра» балалар аула клубынан Панагүл Қабиеваның жетекшілігімен «Домбыра дастан» балалар ұлт аспаптар ансамблі ашылып, оған аталған клубтан 20 бала, «Балауса» балалар аула клубынан 3 бала қатысады.

Тәрбиенің түп қазығы

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауының заңды жалғасы іспетті. Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.Осы орайда Мәдени-ағарту бірлестігінің қолдауымен «Арай» балалар аула клубының ұйымдастыруымен Гагарин атындағы балалар кинотеатрында талантты балаларды анықтау және жас таланттарды қолдау мақсатында аула клубтарының тәрбиеленушілері арасында «Болашақ қанаты – 2018» патриоттық ән конкурсы өткізілсе, Орал спорт кешенінде аула клубтарының жеткіншектері арасында қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ойыны, ханталапай, тақия тастау, арқан тартыс түрлерінен «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты жарыс ұйымдастырылды.

Ғ.Құрманғалиев атындағы обылстық филармония залында еліміздің еңсе көтеріп, егемендік алуына елеулі үлес қосқан тұлғаларды жас ұрпаққа ұлықтап, ізгі істерін насихаттау мақсатында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері, қоғам қайраткері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ақсерік Әйтімовпен «100 жаңа есім – бұл замануи Қазақстанның келбеті» тақырыбында кездесу өтті.

«Туған жер» кіші бағдарламасы аясында жасөспірімдердің туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында аула клубтарының бүлдіршіндері арасында «Туған жерім, тұғырым – Қазақстан» атты көркемөнерпаздар концерті, Гагарин атындағы балалар кинотеатрында мәдени-ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ғасырлармен үндескен рухы асқақ – Астана» атты мәнерлеп оқудан байқау оздырылған еді.

 

«Рухы асқақ – Астана»

Қ.Мырзалиев атындағы амфитеатрда «Еңсесі биік елорда» атты әдеби-сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Аталмыш шарада өңіріміздің белгілі өнер иелерімен қатар  Мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты балалар аула клубтарынан І халықаралық «Жеті өнер» балалар мен жастар шығармашылық фестивалінің «Көркемсөз» жанры бойынша І дәрежелі лауреаты, ХІ Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы байқауының «Көркемсөз» жанры бойынша ІІ дәрежелі лауреаты, «Атамұра» балалар аула клубының тәрбиеленушісі Наргиза Отарбаева, Азамат Орынбасаров «Ей, Астана»,  облыстық «Балдәурен» байқауының 3 орын иегері, қалалық мәнерлеп оқу байқауының 1 орын иегері  «Болашақ» балалар аула клубының  тәрбиеленушісі Темірлан Батырбек  «Астана», облыстық өнер байқауларының лауреаты «Өркен» балалар аула клубының  тәрбиеленушісі Диана Құбышева «Астана – моя столица»  өлеңдерін оқыса, Латвия елі Рига қаласында өткен халықаралық «New star raduga» байқауының І орын және «Ең мықты дауыс» атағының иегері, Ресейдің Самара қаласында өткен халықаралық «На крыльях музыки» ән байқауында І орын алған «Атамұра» балалар аула  клубының тәрбиеленушісі Аяна Қажымова «Нұр Астана», «Ақ желкен» балалар аула клубының тәрбиеленушілері Латвия елі Рига қаласында өткен Халықаралық «New  Star Rudaga» атты ән байқауының «Алтын дауыс» иегері Мырзағұл  Алмағамбетов пен облыстық қалалық ән байқауларының жеңімпазы, «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалінің жүлделі  ІІ орын иегері Жадыра Идирисова «Қазақстан»  әнін орындады.

 

Жазғы қызықтар

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда ҚР Тұңғыш Президенті алаңында  «Биле қала» атты концерт өтсе, өрендер «Шапағат» балалардың күндізгі болуына арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне «Астанам – мақтанышым» атты мерекелік концертпен барып қайтты. Қалалық мәдениет демалыс саябағында  «Карамба-қарақшылар мерекесі» атты ойын-сауық бағдарламасы, жастар шығармашылық орталығында «Балалық – бұл сен және мен!» атты концерт ұйымдастырылды, сондай-ақ Орал қаласы әкімдігі кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғау комиссиясының бастамасымен «Назар аударыңыз: балалар!» акциясы аясында шаралар мен спорттық жарыстар өтті.

                                                   

                                                    Жетістіктер жетерлік

«Алау» балалар аула клубынан Марат Тұрарбек  балалармен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған  қалалық «Жұлдызай» фестивалінде  ән орындау (10-14 жас) аталымы бойынша жүлделі 2-орынмен  марапатталса, Тұрғали Алижан бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары  арасында  өткен республикалық  білім  байқауында «Вокал» жанры  бойынша  жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін II дәрежелі дипломмен  марапатталды.

«Атамұра» балалар аула клубынан Наргиза Отарбаева  «Абай мұрасы – халық мұрасы» акциясының «Үздік қара сөз шебері» номинациясының иегері атанса, І Республикалық, халықаралық «Қазақстан таланттары» байқауының «Көркемсөз» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Темір Ерназар – республикалық «Ұлы дала ұрпағымыз», «Ұлы дала дарыны» байқауының «Вокал» номинациясы бойынша бас жүлде иегері атанды.

Аружан Бисембай – республикалық «Ұлы дала ұрпағымыз» байқауының бас жүлдегері және халықаралық «Бурабай фест» байқауының жеңімпазы.

«Ақ желкен» балалар аула клубынан Қырғызстан  мемлекеті Бішкек қаласында өткен 3-ші  халықаралық Орта Азия елдерінің  би олимпиадасында   қатысқан «Еркетай» би тобы (орта топ)  1 орынды қанжығалап қайтты. Халықаралық би күніне арналған облыстық  «Би әлемінде – 2018» атты фестивальдің бас жүлдесін иеленді.  Алматы қаласында   өткен  «Сырым бар жүрегімде»  атты  балалар  мен жасөспірімдер арасындағы республикалық көркем сөз, ән-би байқауына   «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша  қатысқан  Ару Спортова 1 дәрежелі  дипломмен  марапатталды. Алматы қаласында өткен «Сырым бар жүрегімде»  атты  балалар  мен жасөспірімдер арасындағы республикалық көркемсөз, ән-би байқауына қатысып,   «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша   Әсел Әубәкірова 1 дәрежелі  дипломмен  марапатталды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арналған облыстық «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» атты мерекелік шарада клубымыздың әнші өнерпазы М.Алмағамбетов «Үздік жас патриот» аталымымен марапатталды. Халықаралық би күніне орай Жастар шығармашылығы орталығының  ұйымдастыруымен  «Биле, Биле» атты облыстық би байқауына клубымыздың Еркетай би тобы (үлкен топ) 1 орын иеленді. Анель Лұқпанова қалалық «Балдаурен» балалардың шығармашылығы байқауының 3 орын иегері болды.

«Атамекен» балалар аула клубынан «Әсем әуен» ән үйірмесінің оқушысы Саян Тұрарбек ағымдағы жылдың сәуір айында өткен республикалық жастар мен балалар байқауының  ІІІ орын лауреаты атанды. «Жас дүлдүл» көркемсөз үйірмесінің оқушысы Нұрсұлтан Қуанышқалиев Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» мәнерлеп оқу сайысынан І орын алса, биыл сәуір айында өткен Астанаға 20 жыл «Асқақтай бер Астанам» облыстық мәнерлеп оқу байқауының «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды. Шаймардан Нұртілек   сәуір айында өткен Астанаға 20 жыл  «Асқақтай бер Астанам» облыстық мәнерлеп оқу  байқауында ІІІ орынды олжалаған.

«Бәйтерек» балалар аула клубының өнерлі өрені Фархат Серікбаев биыл І Республикалық «Қазақстан Таланттары» рухани-патриоттық байқауында «Эстрадалық вокал»  номинациясы бойынша І дәрежелі лауреат атанды. Әлинұр  Хамзин «Ұлы дала – ұрпағымыз» атты республикалық балалар мен жастар байқауының «Эстрада Вокал»  номинациясы бойынша бас жүлде, республикалық «Дала сазы» байқауының «Вокал»  номинациясы  бойынша бас жүлде, «Өнерлі бүлдіршін – 2018» байқауының «эстрадалық ән» номинациясы бойынша ІІ орын иегері, ІІ Республикалық ән би және өнер байқауының  жүлдегері,  сонымен қатар «Бала дауысы – 2018» байқауында өңір намысын қорғап жүр. Нұрәли Өтеғалиев республикалық өнер және білім байқауының алтын жүлде иегері. Жұлдыз Өтепберген республикалық «Ұлы дала ұрпағымыз» балалар мен жастар байқауының «Аспапта орындаушылық өнері» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі лауреат. Саян Ерсайын республикалық балалар мен жастар байқауының  поэзия жанры бойынша бас жүлдегері. Мөлдір Маратова Алматы қаласында өткен республикалық «Достар дауысы» телевизиялық шығармашылық жастар байқауының бас жүлде иегері, Әлихан Әйтімбетов республикалық балалар мен жастар байқауының «эстрадалық вокал» номинациясы бойынша бас жүлде, Алматы қаласында өткен республикалық «Достар дауысы» телевизиялық шығармашылық жастар байқауының бас жүлде иегері.

«Достық» балалар аула клубынан қалалық «Балдәурен» байқауында Мансұр Серікқали мен Айбарыс Миразат өз өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде М.Серікқали эстрадалық  вокал жанры бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, облысқа жолдама алды.

Қазан айында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Мейірбандық күндері» қайырымдылық акциясы аясында XXI қалалық шығармашылық фестивалі өтіп, оған «Соқырлар» мәдениет үйінен 3 адам қатысты. «Музыкалық аспапта орындау» жанры бойынша Мәншүк Суфығалиева, «Көрме» жанры бойынша Светлана Жұмағалиева, Есенжол Ақжігітов және Бибігүл Молдашева қатысқан болатын. Нәтижесінде Мәншүк Суфығалиева I орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды,  Гала концертте өз өнерін көрсетті.

«Халықтық» атағы берілді

Республикамызда ардагерлерге құрмет дәстүрге айналып келеді. Осы тұрғыда Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мәдени-ағарту бірлестігінде «Ардагер» клубы жұмыс жасайды. Бірлестікке қарасты халықтық «Әже сәлемі» вокалдық тобымен қатар  «Ардагер» клубы жанындағы «Ару аналар»,   «Ағалар әуені» вокалды топтарының қатары «Асыл әже» тобымен толықты.

Биылғы жылдың басында «Ару аналар», «Ағалар әуені» вокалдық топтарына  «Халықтық» атағы берілді.

 

Әдістемелік жұмыстар нәтижелі

Бірлестік жанындағы әдістемелік бөлме Мәдени-ағарту бірлестігі бөлімдерінің жұмысын жандандырып, жұмыстарына сараптама жүргізеді. Клубтарда жасалатын іс-шаралардың ұйым-дастырылуына бағыт-бағдар беріп, қызметкерлер арасында тәжірбие алмасу семинарларын өткізеді.

Жоспар бойынша барлық клубтарға  түрлі  әдістемелік материалдармен оларға әрдайым әдістемелік, практикалық көмек көрсетіп, тоқсан сайын семинар-кеңестер өткізіп отырады.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «ХХІ ғасыр  мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ» деп айтып өткеніндей, аула клубтарында балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты білімді, бәсекелестікке қабілетті етіп дамыту, қызықты көпшілік-мәдени, қоғамдық шараларға тарту арқылы белсенділігін арттыру жұмыстары қолға алынған.

Мәдени-ағарту бірлестігі әдістемелік кабинетінің басшылығымен Гагарин атындағы балалар кинотеатры, «Алау» балалар аула клубы, «Қазақ зағиптар» клубының ұйымдастыруымен Аула клубтарының жұмыс мақсаты жасөспірімдер мен балалардың бос уақытын тиімді өткізу, шығармашылық қызығушылықтарын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Аула клубтарының қызметін үйлестіру және аула клубтарында өткізілетін мәдени көпшілік  іс-шараларды  тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы  семинар-практикумы оздырылды.

 

Тиімді семинар

Мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты «Жас шебер» балалар аула клубының ұйымдастыруымен «Ұстаным, Рефлекция, Инновация» тақырыбында семинар сағаты жоғары деңгейде өтті. Семинар аясында балалар аула клубтарының үйірме жетекшілері қолөнер жұмыстарынан шеберлік сағатын көрсетті. Семинарға Подстепный орта мектебінің технология пәні мұғалімі Айбек Айболатұлы шақырылып, «ПейпАрт» шеберлік сағатында қарапайым қағаз қалдықтарынан керемет тұмар жасауға болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. «Жас шебер» балалар аула клубының «Өнерлі өрендер» үйірмесінің жетекшісі И.Жақсығалиев «Гуашь бояуымен сурет салып үйренейік» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Облыстық халық шығармашы-лығы орталығы жанындағы «Әдіскерлер» клубының  шілде айында өткен әдіскерлердің кәсіби шеберліктері мен іс-тәжірибелерін арттыру мақсатындағы «Мәдени жаңғыру – рухани серпіліс» және қараша айында өткен «Мәдени үдеріс креативі – жарнама Бриф» тақырыбындағы кезекті отырысына бірлестіктен А.Бимұханова мен А.Шукулова қатысты.

Бүгінгі жастар ертеңгі елдің – тұтқасы. Елбасымыз  келер 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысының айтуынша, жастар саясатының негізгі мақсаты – лайықты тұлға ретінде болашақ патриотты тәрбиелеу. Сондықтан келер жылға жастардың  мәдени-рухани шаралармен қамтылуы, бос уақыттарының тиімді ұйымдастырылуы басты назарда болады.

МЕДЕТ МЕРҒАЛИЕВ, «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК директоры

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
107 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
282 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
322 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
597 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
609 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
735 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1037 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1129 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1157 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1368 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1639 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1863 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1903 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2050 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2248 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»