8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2018 2052 0
Қоғам

ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ «ДЕНСАУЛЫҚ ЕЛШІЛЕРІ» АТАНДЫ

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған конференция шеңберінде қазақстандық белгілі әншілермен кездесіп, «Денсаулық елшісі» атағын берді, деп жазады BAQ.KZ.

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Нұртас, әнші, кәсіпқой боксшы Ибрагим Ескендір еліміздің ең алғашқы денсаулық елшілері атанды.

«Денсаулық сақтау саласында мәселе көп. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында Қазақстанда елді мазалап жатқан ең үлкен мәселе – денсаулық сақтау мәселесі, медициналық қызметтің сапасы деген болатын. Ғылыми зерттеу жұмыстарда әр адамның денсаулығы жартылай өзінің салауатты өмір сүруіне байланысты делінген. Қазақтар «ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» дейді. Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиясында ауруларды алдын алу мәселелері маңызды бағыт. Профилактика, салауатты өмір сүру салтын насихаттауда арнайы жұмыстарымыз бар. Халық көп жағдайда қолдайды, сенеді, көп жағдайда сенбей қалады. Халыққа түсіндіре алмаймыз, дұрыс жеткізе алмаймыз. Арнайы роликтер түсіргенде кейбір жағдайда жақсы қабылдайды, кейде онша емес. Соңғы жылдары көріп отырмыз спортен айналысатын адамдардың саны көбейіп келе жатыр. Осы жұмысқа еліміздегі белгілі азаматтарды, халық танитын, халық сылайтын сіздер сияқты азаматтарды қосып, жұмыс істесек деген ойымыз болды. Ұсынысымызды қолдап келгендеріңізге рахмет. Жұлдыз ретінде сіздердің халыққа деген ықпалдарыңыз өте жоғары. Қазақстанның денсаулық елшілерімен бірге салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, медициналық қызметті дұрыс әрі қауіпсіз алу мәселелерін көтеретін боламыз. Біз қанша мың жиналыс өткізсек те, сіздердің бір ауыз сөздеріңіз одан да тиімді болуы мүмкін», – деді министр.

Елжан Біртанов денсаулық елшілеріне төс белгілерін, сертификаттарын тапсырды. Сәттілік тілеп, қазақстандықтарды салауатты өмір салтына тартуға атсалысатындарына сенім білдірді.

Әнші Қарақат Әбілдина министрге алғысын айтты.

«Салауатты өмір салтын насихаттау – әрбір адамның парызы. Сондықтан да бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы тұрғыда белсенді жұмыс атқарамыз. Аманаттарыңызды жеткізуге, алтын көпір болуға, елші деген атымызға лайықты салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, әдемі өмір сүруге шақыратын боламыз», – деді ол.

Министр Біртанов қазір тағы бір үлкен мәселе – ана мен бала денсаулығы екенін атап өтіп, Қарақат Әбілдинаға әрі жұлдыз, әрі Қазақстандағы белгілі ана ретінде осы мәселе бойынша да бірлесе жұмыс істеу қажет екенін айтты.

 

Актер Нұрлан Әлімжан бұл тұңғыш бастамаға барша өнер адамдары қолдау білдіретінін жеткізді.

«Батыр ағамыз БҰҰ аясында керемет бастамаларды жүзеге асырды. Оның артынан қаншама халық, тыңдармандары, көрермендері ерді. Қазір сол үлкен жауапкершілікті бізге жүктеп отырғаныңыз үлкен мәртебе. Өнер адамдары мен ақ халатты абзал жандар арасындағы алтын көпір жалғаса берсін. Бұл да бір рухани жаңғыру деп білеміз. Адамның рухы сау болған кезде ой-санасы да сау болады. Ұлтымыздың дені сау болсын. Өнер адамдарының атынан қашан да қолдау білдіреміз», – деді Нұрлан Әлімжан.

 

Ал әнші және өзін кәсіпқой бокста да сынап жүрген Ибрагим Ескендір дені сау, білімді ұрпақ тәрбиелеу – әрбір саналы азаматтың міндеті, ұрпақ алдындағы борышы деп атап өтті.

«Осындай ұсыныстарыңызды қабылдап, бірлесе еңбек етеміз. Елдің болашағы – жастар. Ұрпақтың қамы мемлекеттік қызметтегі адамдардың ғана емес, әр саналы адамның борышы деп білеміз, – деді өнер иесі.

Танымал әнші Қайрат Нұртас әріптестерінің сөзіне қосылатынын жеткізді.

«Алдымызда тұрған міндет жастарды – денсаулық сақтау мәселесіне тарту. 40 жыл бұрын Алматыда ерекше декларацияға қол қойды. Ол дүние жүзіндегі маңызды құжат болып отыр. Биыл 25-26 қазанда алғашқы медициналық көмекке арналған халықаралық конференция өтеді. Қазіргі күнде 130 мемлекеттен делегация келеді. 1400 астам азамат қатысады. Мыңнан астамы шетелден келе жатыр. Сіздерді конференцияға қатысуға шақырамын. 24 қазанда Астанада Ботаникалық бақта «Сөзден іске» деген ерекше халықаралық шараға да шақырамын. Бірге бас қосып, халыққа дұрыс идеяларды жеткіземіз деп ойлаймын», – деп сөзін түйіндеді ол.

https://baq.kz/kk/news/kogam/kairat_nurtas_densaulik_elshisi_atandi20181022_111700?utm_campaign=459291&utm_source=sendpulse&utm_medium=push

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
162 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
277 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
526 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
792 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1021 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1056 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1209 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1404 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1636 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1723 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1834 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1841 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1872 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1875 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1979 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2200 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»