8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Мамыр 2026 305 0
Тағылым

Өнегелі отбасы – ауыл мақтанышы

Калишановтар отбасы – Сырым ауданы, Бұлан ауылының өнегелі әрі еңбекқор әулеттерінің бірі. 2025 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің 3 орын иегерлері.

Отбасының отағасы Калишанов Бауыржан Мажитұлы 2017 жылдан бері «Мирас” шаруа қожалығын басқарып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Жары Утепкалиева Нұрсұлу екеуі төрт перзент тәрбиелеп өсірген.

Отбасының үлкен ұлы Калишанов Нұржан Бауыржанұлы “Отбасы банк” АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры қызметін атқарады. Жұбайы Калишанова Светлана Аманғалиқызы полиция департаментінің әкімшілік практика бөлімінде инспектор болып еңбек етеді. Олар екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

Қызы Калишанова Салтанат Бауыржанқызы 2018 жылдан бері Қазақстан Халық Банкі АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалында заңды тұлғаларға қызмет көрсету бойынша менеджер болып жұмыс істейді.

Мажитова Әлия Бауыржанқызы “Ситим” компаниясында қызмет атқарады, ал Мажитова Диана Сырым аудандық ауруханасының қабылдау-терапия бөлімінде еңбек етеді.
Бұл отбасының балалары жұмыста өте белсенді. Әрқайсысы түрлі жұмыс орындарынан бірнеше құрмет грамотасын, дипломдар, алғыс хат және жүлделі орындар алған.

Калишановтар әулеті – еңбекқорлықты, жауапкершілікті және отбасылық бірлікті дәріптейтін, қоғамға үлгі боларлық берекелі отбасы.

Нұрайлым Құбаева,
Сырым ауданы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»