Наурыз келді тағы да, жер мен көкті жаңартып!..
Бейсенбіде «Нұр-Ер» ат спорты кешенінде «Наурыз- Думан» атты тақырыпта Наурыз мерекесі сән-салтанатымен аталып өтті.

Мейрамға келген қонақтарды түйеге мінген Қыдыр баба мен ұлттық киім киген қыз-келіншектер, әжелер ән шырқап, шашу шашып қарсы алды. Бұдан соң Орал қаласының әкімі М.Байменов құттықтау сөз сөйледі.
– Құрметті жерлестер! Наурыз мейрамы – тазалық пен жаңарудың, іргесі сөгілмеген бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Еліміз көркейіп, ынтымағымыз нығайып, жайнай берсін!- деген қала әкімі М.Байменов «БатысСервисПлюс»,»Нысан Қорғау»ЖШС мен «Нұр -Ер» ат спорты кешенінің бір топ қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.
Айтулы шарада «Бәйтерек» комьюнити орталығының және қалалық Жастар сарайының өнерпаздары әуездері әндер шырқап, сахналық қойылымдар көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді.
Өзге мерекеге ұқсамайтын мәні бар бұл мейрамда арқан тарту, гір тасын көтеру,армрестлинг бойынша өткен ойындар көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады. Ұлттық мейрамға келгендер киіз үй төріне шығып,ұлттық тағамдардан ауыз тиді. Шараның соңында өткізілген ойындардың жеңімпаздарына Алғыс хат пен ақшалай сертификаттар табысталды.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру