8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Ақпан 2024 2029 0
Қоғам

«Нағыз еңбек адамы!»

«КазИИТУ» білім-ғылым кешенінің Республикалық – жоғары техникалық колледжінде Сейтқалиева Гүлмира Шарухиқызы қарапайым еден жуушы болып жұмыс жасайды. Көпшілік кіріп-шығып жататын зәулім ғимаратты Гүлмира тазалаудан ешқашан шаршамайды.


Гүлмира
өте ақ көңіл, кісілігі мол жан. Студенттер мен оқытушылар әрлі-берлі жүріп жатқан жерді, қыста қардың суынан, көктемде қара балшығынан арылмайтын шеті мен шегі жоқ ұзын дәліздерді жуып жатырмын-ау деп өзін қорсынбайды. Өткен-кеткенге  жекіп, ұрыспайды. Ыңылдап әндетіп қойып, өзімен өзі  еденді жуа береді, жуа береді. Қолына резеңкі қолғапты киіп алып, атшаптырымдай ғимараттың бұрыш-бұрышына   шелек толы суды тасып, зыр-зыр жүгіреді. Кеудесін ішіне қарай бүгіп алып, шелектегі суға шүберекті әлсін-әлсін малып, оны он рет сығып  еден жуғанын көрсеңіз ғой… Ширақ қимылына көз ілеспейді. «Неге екі бүктетіліп жуасыз? Мұнымен беліңізден бел қала ма. Бұл аздай, салқын суға қолыңызды жүз маласыз. Денсаулыққа зиян емес пе» десең, арнайы құралдармен жуа алмайтынын, таяқты әрлі-берлі жүргізіп жуғаннан еденнің кірі дұрыс кетпейтінін, ылайланып қалатынын айтады. Мұндайда, өзін аямайтын, осы жұмысты сүйіп істейтін Гүлмираға іштей сүйсінесің.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында айтқандай, «Гүлмира Сейтқалиева – нағыз еңбек адамы!»  Ұлы Абайдың «Есектің артын жуып болса да мал тап» деген даналығын әлсін-әлсін ойға оралтып тұрады. Біздің қоғам осындай қарапайым еңбек адамын алдымен бағалау керек.

         Өзі оқыған мектептің де еденін  жуған

Енді, Гүлмираның өмір жолына келсек, 1969 жылдың қараша айында бұрынғы Камен, қазіргі Тасқалада дүниеге келіпті. 1977 жылы ақ бантигі желбіреп құрбыларымен бірге Алмалы жалпы білім беретін мектебіне барыпты. Бір қызығы, осы білім ұясын 1987 жылы тәмамдаған бойда, бірден еңбекжолын өзі оқыған мектептің еденін жуудан бастапты. Шамасы, кластастарымның бәрі сыпырылып қалаға оқып іздеп кетсе, мына мектептің  шаң-тозанын кім тазалайды, кім сыпырып-жинайды десе керек. Содан Алмалы мектебінде 32 жыл бойы еден жуушы болып жұмыс жасапты. Небәрі он сегіз жастағы қыз балаға бірден мұндай істі атқару оңай емес. Нәзік саусақтарын жылдың төрт мезгілінде суға малып, жүрген жерін тазалаудан жалықпай, жалқаулыққа салынбай,  ел қатарлы нанын табу- үлкен дәреже.

  Ол отбасындағы талай қиындықты да еңсере біліпті. 2004 жылы құдай қосқан қосағы, қос ұлы Жанат пен Оянның әкесі Сейтқалиев Аманкелді Нұршанұлы о дүниеге аттанады. Өмірден ерте кеткен отағасының орнын жоқтатпай, екі баланы алға жетелеп, ауыр жүкті арқалау  Гүлмираға түседі.  Таңнан кешке дейін тынымсыз жұмыс істеп, ұлдарын қатарынан кем қылмай өсіріп, тәрбиелеп, білім береді.  Бүгінде үлкен ұлы Жанат Аманкелдіұлы «Орал-Астана» бағытында жолсерік қызметін абыроймен атқарып жүр. Ұзақ жолда жүріп мейірімді анасының қал-жағдайын сағат сайын сұрап қояды. Екінші перзенті Оян да қара жаяу емес. Көршілес Атырау қаласында  таңдаған мамандығы бойынша қызметін атқаруда.

  Гүлмира Шарухиқызы  бүгінде үш тәтті немеренің әжесі. Келіндеріне үлгілі ене. Құда-құдағайлары мен ағайын-туысына да өте сыйлы.  Көз ашқаннан тазалыққа мән беріп, осы салаға алтын уақытын арнаған ол қатарынан кем қалмай жарқын көңілмен, шын пейілмен ел қатарлы өмір сүріп келеді.

Мен осы еден жуушы болғаныма арланбаймын. Себебі, адал еңбегіммен жанұямды асырап, өзімді де қамқорлап, еліме қызмет етіп келемін. Қолыма жұққан ештеңесі жоқ. Керсінше, денсаулығыма пайдалы. Қол-аяғым күн ұзағына шынығады. Менің басты ұстанымым –адам болып жаратылған соң, адамдық қалпыңда қалу! Біреуге алақан жайып, масыл болмау! Қандай жұмыс істесең де адалынан атқару!-дейді Гүлмира.

 Айтуы дұрыс. Кез келген  әйел заты  Гүлмирадай  ұқыпты, сергек,  өз ісіне жауапты  әрі  таза, еңбекқор, намысшыл болса шіркін… Ол нағыз еңбек адамы!

 Мира ХАМЗАҚЫЗЫ  

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
16 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
214 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
254 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
532 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
544 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
671 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
973 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1065 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1091 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1302 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1571 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1799 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1838 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1985 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2182 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»