8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Ақпан 2025 6388 0
Мәдениет

Ән әуезі жүрек төрінде мәңгі сақталады

Сәрсенбіде облыстық халық шығармашылығы орталығында Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әнші-сазгер Е.Хасанғалиевтің 85 жылдығына орай «Айналдым елім» атты концерті өтті.


Концертке жиналғандардың қарасы көп болды. Сахна шымылдығы «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері А.Хайырхановтың орындауындағы Е.Хасанғалиевтың «Ақжайық елім» әнімен ашылды.

Аталмыш ән кешінде сазгердің көптеген әндерін скрипкашылар ансамблі, «Салтанат» би ансамблі, Д.Бақытова, Е.Өтегенов, Т.Жауымбаев, А.Қабиев, Б.Берекетова, С. Ешкаев, Р.Кереев, Р.Хафизов, Н.Хибашева, А.Шайхин, Ә.Қажымова, Асылан, Жасұлан Зинеденовтер, А.Базаров, М.Әмірхановтар тамылжыта орындап,көрермендердің қошеметіне бөленді.

Сондай-ақ бірқатар әндерді залдағылар қосылып шырқады. Кештің барысында ойын ойнатылып, жеңімпаздарға келесі концертке тегін кіруге сертификат берілді. Концерттен әсер алған ағайын Ескендір әнші-сазгердің мәңгілік мұрасы жасай берсін деген ниетте тарқасты.

Жайық үні

Бұл туралы газеттің келесі санынан оқисыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»