«MY ROBOT» БАЙҚАУЫНА 7 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ҰТЫСЫ ТІГІЛДІ
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық «My robot» байқауы өтті. Білімділер додасына 77 командадан 133 оқушы қатысты. Жалпы жүлде қоры 7 180 000 теңгені құрады.

Байқаудың мақсаты – роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету, білім саласында ғылым мен технологияның дамуына орай, оқушыларды ғылыми ізденіспен айналысуға дағдыландыру, облыстың білім беру ұйымдарында «Роботты техника» курсын оқытудың жүзеге асырылуын бақылау, роботты техника бойынша дарынды балалардың шығармашылық ортасын қалыптастыру.
Шараның басты демеушілері BilimMediaGroup, SITCEN жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері BilimBook компьютер-трансформерларын, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ – білім грантын, TORUS.KZ ЖШС мультимедиялық проектор, робототехника құрылғылары және т.б сыйлықтар, АксайГазСервисАҚ, AVENCOM ЖШС, IT GROUP ЖШС Samsung маркалы планшеттарын, Smart school Arduino роботты құрылғыларына сертификаттар, STEM Academia ЖШС инженерлік жинақтарын ұсынды.
Байқау сызық бойымен жүру, кегельринг, кегельринг – квадро, сумо, «Smart City» шығармашылық сынды 5 санат бойынша өткізілді.


Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды сызық бойымен жүру, кегельринг-квадро, сумо категориялары бойынша Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы, №1 Подстепный ЖОББМ оқушылары, кегельринг категориясынан тасқалалық Сәулет мектеп лицейінің оқушылары қанжығаларына байлап, жүлдеге иеленген әр оқушыға 1 данадан BilimBook компьютер трасформерлары тапсырылды. Ал шығармашылық категориясы бойынша Теректілік Х.Есенжанов ат.ЖОББМ оқушылары оқ бойы озық шығып, BenQ проекторы + Arduino роботы, LEGO дизайн роботты жиынтығын (Mindstorms LEGO) ұтып алды. Ал Жәңгірхан атындағы БҚАТУ ұсынған грантты Теректі ауданы, Х.Есенжанов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Балауса Сапарбай жеңіп алды. Шара соңында білім басқармасы басшысының атынан демеушілерге алғыс хаттар табысталды. Үміт Жәңгірова, БҚО білім басқармасы баспасөз хатшысы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу