«МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ»: БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ЕНГІЗІЛДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына енгізілген өзгерістер туралы хабарлады.

2019 жылы жарналар 1,5 пайыз мөлшерінде жұмыс берушілердің жалақысы есебінен төленеді. Егер адам ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 еседен астам сомаға табыс алса, онда жарна төлемдері тек 10 ең төменгі жалақы бойынша табыста есептеледі.
Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Оның ішінде, басқа әлеуметтік төлемдермен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасы да бар. Бұл төлем азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай жиынтық төлемді еңбек етіп жүрген, жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар төлейді. Төлем республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) болса, басқа елді мекендерде (ауыл, аудан т.б.) 0,5 АЕК құрады. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері бүгінгі таңда 2 мың 525 тенгені құрап отыр.
Қалған азаматтар қашан және қанша төлейді?
2020 жылдан бастап мемлекет азаматтардың 13 санатына сақтандыру жарнасын аудара бастайды, атап айтсақ:
- балалар;
- жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
- жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
· осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
- жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға (бала асырап алуға) байланысты үш жасқа толғанға дейін күтім жасайтын адамдар;
- мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
- зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
- сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;
- тергеу изоляторларында отырғандар;
- жұмыс істемейтін оралмандар;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
- мүгедектер;
- орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;
2020 жылдан жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін өз есебінен 2%, жұмыс беруші жалақысынан 1% жарналарды Қорға аударады.
2020 жылдан жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 % төлейді.
2020 жылдан төлемді өз бетінше төлейтін санат, яғни еңбек биржасына тіркелмеген, жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеуі жоқ тұлғалар, ҚР аймағынан шығып шетелде жүрген азаматтар, еш санатқа жатпайтын басқа да жеке тұлғалар ай сайын 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, бүгінгі таңда ең төменгі жалақы 42 500 тенгені құрап отыр.
2020 жылдан бастап азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалар есептелген кірістің 1% -ын төлейді.
Міндетті әлеуметтік медициналық жүйе қосылған күннен бастап 2020 жылдан Қорға түскен қаржы сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет ақысын төленуге жұмсалатын болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу