МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Бүгін Ақ Жайық өңіріне іссапармен келген ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесіп, мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң талаптар жайлы сөз қозғады. Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен семинарды өңір басшысы Алтай Көлгінов жүргізді. Жиынға Қаржы министрлігінің өкілдері, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, және Маңғыстау өңірлерінің әкімдік қызметкерлері, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

ҚР Қаржы вице-министрінің мәлімдеуінше, бұдан былай құрылыс саласында мемлекеттік тапсырысты орындаған мердігер тендер қаржысының 50 пайызын ғана қосалқы мердігерге төлей алады. Өткен жылдың желтоқсан айында мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу туралы заңға қол қойған. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап заңнама талаптары күшіне еніпті. Мемлекеттік сатып алу толықтай электрондық нұсқаға көшірілген. Заңнамалық өзгерістер бірінші кезекте құрылыс саласында сатып алуға қатысушыларға талаптарды жеңілдетуге байланысты. Алдағы уақытта материалдық ресурстардың болуын сатып алу туралы құжаттармен немесе бухгалтерлік құжаттармен растау талап етілмейді. Тіркеуге жататын техниканың техпаспортын қоса берсе жеткілікті. Заңға енген толықтырулар мен өзгерістер 3 блокқа бөлінеді. Біріншіден, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету жөніндегі түзету, екіншіден, әлеуетті жеткізушілердің біліктілігін арттыруға бағытталған ережелер, үшіншіден бір көзден сатып алу үлесін төмендетуге бағытталған түзетулер.

Өз тілшіміз
Төлеген Бектұров, Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті авариялық құтқару және өрт сөндіру қызметі мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі:

– 2018 жылдың 26 желтоқсанында Мемлекет басшысы қол қойған Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері туралы заң 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Заңда бірқатар концептуалдық өзгерістер бар. Сондай-ақ заңның ережелерін іске асыру барысындағы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына да өзгеріс енгізілді. Осы орайда мемлекеттік сатып алу заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру әр аймақта ұйымдастырылуда. Батыс аймақ бойынша Орал қаласында бірлескен кеңес өтті. Бұған Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары бойынша мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік сатып алу және қаржы саласы мамандары қатыстық. БҚО әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен өткен кеңесте вице министр Руслан Бекетаев, қаржы министрлігі аудит комитеті, мемлекеттік сатып алу комитеті мамандары жан-жақты мысалдармен енгізілген жаңашылдықтарды түсіндірді. Мамандар атап өткендей, заңдағы түзетулер мемлекеттік сатып алуды жетілдіруге және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын заңнамалық тұрғыдан реттеуге бағытталған. Соның ішінде демпингті қолдану, әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу, веб-порталға ақы төлеуді енгізу, бір көзден сатып алуды қысқарту және тағы басқа бөліктерді қамтиды.
Р.ХАЛЕЛОВТЫҢ СУРЕТІ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу