8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Ақпан 2019 1206 0
Қалалықтар қаперіне

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Мемлекет басшысының мәлімдемесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті тарату туралы мәлімдеме жасады.


Құрметті қазақстандықтар!

Мен бүгін еліміз үшін маңызды шешім қабылдағалы отырмын.

Өткен жылдардағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты болды.

Бұл – әрине, жақсы кезең. Бірақ, бұл қазіргі уақыт талабы үшін жеткіліксіз.

Мен ұсынған Үшінші жаңғыру және «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» құрылымдық реформаларды жедел жүзеге асыруға бағытталды.

Бес институционалдық реформаның толық іске асырылуы шағын және орта бизнестің үлесін түбегейлі арттыруға және экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін азайтуға, банктерді «тазартуға», соттарға және құқық қорғау жүйесіне деген сенімді арттыруға  тиіс.

Қабылданған заңдарға, Үкімет шешімдеріне қарамастан, экономиканың көптеген бағыттары бойынша оң өзгерістерге қол жеткізілмеді.

Ішкі жалпы өнім негізінен шикізат ресурстары есебінен өсті.

Бірақ, Үкімет пен Ұлттық банк ел экономикасын сапалы дамытуға серпін беретін нақты құралдарды толыққанды жасап шығара алмады.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысына жасалған талдау қорытындысы олардың орындалып жатқанын көрсеткенімен, көптеген маңызды бағыттар бойынша нақты нәтижелердің жоқ екенін аңғартты.  Өнімді жұмыс орындары жеткілікті түрде ашылмай отыр. Бұл әсіресе ауылдық жерлерге қатысты.

Шағын және орта бизнес өсімнің қозғаушы күшіне және оны дамыту ісі әкімдер мен министрлердің негізгі міндетіне айналмады.

Мен тұрғындардың табысы мен тұрмыс сапасы әрбір Үкімет мүшесі мен әрбір әкімнің жұмысындағы негізгі басымдық болу керек деп бірнеше рет айттым.

Екі жыл бұрын біз конституциялық реформа жүргіздік. Осыған орай Үкімет әкімдермен бірге әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешіп, оған жауап беру үшін барлық тиісті өкілеттік пен дербестікке ие болды.

Индустриалды, әлеуметтік, инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамытуға қатысты барлық қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Оларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржы бөлінді. Дегенмен, жүйелі жұмыс жүргізілмеді.

Тұрғындардың нақты табысы өспеді. Отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті.

Атқарушы органдардың салғырттығынан әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған.

Оның үстіне Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер халықпен жұмыс істей алмады, сондай-ақ жұртшылықтың проблемаларына құлақ асып, атқарылып жатқан істер мен саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шамасы келмеді.

Бұл ретте, мен ел Президенті әрі Конституцияның кепілі ретінде халықтың мүддесін ескере отырып, мынадай шешім қабылдадым.

Үкімет отставкаға кетуге тиіс деп санаймын.

Үкіметтің жаңа басшылығы өмір сүру деңгейін арттыру, экономиканы ынталандыру, стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жөнінде нақты шаралар әзірлеуге тиіс.

Мен «Нұр Отан» партиясының жақында өтетін съезінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынамын. Бұған бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетін болады.

Бұл қаражат мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:

1. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету ісін күшейту.

2. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының баспана жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін арттыру.

3. Өңірлерді дамыту саясатын түбегейлі өзгерту.

Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.

Үкімет пен өңірлердің иелігіндегі қаражат көзделген мақсатқа сай жұмсалмай отыр. Мұның бәріне бақылау орнатылады. Осы бағыттар жөнінде «Нұр Отан» партиясының съезінде толығырақ айтылатын болады.

www.egemen.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
306 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
450 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
488 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
755 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
769 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
897 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1200 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1291 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1316 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1529 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1800 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2021 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2065 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2207 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»