8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Наурыз 2021 1207 0
Қоғам

МЕКТЕП БАҚШАЛАРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ОҚУШЫЛАРҒА 42 500 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕДІ

Бұл туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы бойынша облыс тұрғындарына 100-580 мың теңге аралығындағы қайтарымсыз гранттар  үшін жүздеген миллион теңге бөлінуде. Облыс басшысының мәліметінше, биыл бұл мақсатқа 800,0 млн. теңгеге жуық қаржы бағытталып отыр. Өңір тұрғындары көп жағдайда құс өсіру үшін, тігін машиналары, кондитерлік жабдықтар, шаштараздар ашуға және т.б. мақсаттарға алады гранттар алады. Осы орайда осыдан бірер ай бұрын Ғали Нәжімеденұлы  «Менің  аулам – менің бағым» жобасын жүзеге асыру идеясын ұсынған болатын. Яғни, жобаны жүзеге асыруға ниеттілер үшін биылдан бастап бағдарламаға грант есебінен жеміс-жидек бұталары мен ағаштардың көшеттерін беру туралы ұсыныс енгізілген.

«Өкінішке орай өткен жылдары грант алғандардың ішінде тек 15-20 пайызы ғана өз кәсібін жүргізіп, тұрақты табыс көзін таба алды. Біз зерттей келе нарықта жеміс-жидектерге (сондай-ақ олардың өңделген өнімдері – джем, тосап, кептірілген жемістер және т.б.) сұраныс жоғары екенін байқап отырмыз. Қазір де біз өнімге мемлекеттік тапсырыс беру мәселесін пысықтап жатырмыз. Баптап өсірілген бақ жыл сайын тұрақты өнім (кіріс) алуға және келешекте 3-8 млн.теңге көлеміндегі жеңілдікпен шағын несие алуға мүмкіндік береді. Облыстың әр ауылдық елдімекеніндегі көп отбасында бақшада, жерде жұмыс жасауға қабілетті адамдар бар (жасөспірім, ересек, зейнеткер). Яғни, табысы аз, мыңдаған отбасыларымыз өз үйлерінің жанынан өнім өсіріп, табыс таба алады. Ол үшін аулада 20 – 50 шаршы метр жер учаскесі болса жеткілікті. Тәжірибесі бар және тәлімгер бола алатын адамдар да бар. Солардың бірі белгілі бағбанымыз – Қайрат Каримов. Ол жеміс-жидек бұталары мен ағаштарының көшеттерін сатып, оларды өсіруге ғылыми қолдау көрсете алады. Тәжірибесі мол бағбанның кеңестері бақты баптау барысында қателіктер жібермеуге және көп өнім алуға көмектеседі» – деп жазған болатын облыс басшысы.

Бүгінгі күні 1270 адам  бақша отырғызуға тапсырыс берген. Гранттар есебінен 54 адам ниет білдірсе, қалғаны өз есебінен. Ниет білдірушілердің көпшілігі Тасқала, Ақжайық, Қаратөбе, Бөкейордасы және Шыңғырлау аудандарынан. Тұрғындар көбінесе алма, өрік, шие, алмұрт, таңқурай, құлпынай және жүзімге тапсырыс беруде.

«Бұл жоба өте маңызды екенін осыған дейін атап өткен болатынмын. Осы ретте, жобаны іске асыруға және халық арасында кеңінен насихаттауға өз үлестерін қосып келе жатқан еріктілерге, блогерлерге, ауылдық округ әкімдеріне алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, балаларды бақша отырғызу жұмыстарына баулу үшін Орал қаласы және 12 ауданның 70 мектебі тапсырыс беріп отыр. Жазғы демалыс кезінде мектеп бақшаларында жұмыс істейтін балаларды (14 жастан бастап) жергілікті әкімдік қоғамдық жұмыстарға жұмылдырып, айына 42,5 мың теңге төлейтін болады. Көшеттерге тапсырыс бергендерге тәжірибелі тәлімгерлер кеңес беретін болады. Егер біз жақсы өнім алсақ, өнімді сатуда ешқандай қиындық туындамайтынына сенімдімін. Бұл ниет білдіргендердің алғашқы легі деп білемін. Аталған жобаның әлеуметтік маңызы барын осыған дейін айтқан болатынмын. Жобаны насихаттау жұмыстарын әлі де жалғастыру керек», – деді Ғали Есқалиев.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
156 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
187 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
441 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
921 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1298 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1183 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1657 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2274 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2439 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2447 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2499 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2502 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2097 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2980 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3034 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3027 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3643 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3610 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3599 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3574 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3738 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»