МЕКТЕП БАҚШАЛАРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ОҚУШЫЛАРҒА 42 500 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕДІ

Жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы бойынша облыс тұрғындарына 100-580 мың теңге аралығындағы қайтарымсыз гранттар үшін жүздеген миллион теңге бөлінуде. Облыс басшысының мәліметінше, биыл бұл мақсатқа 800,0 млн. теңгеге жуық қаржы бағытталып отыр. Өңір тұрғындары көп жағдайда құс өсіру үшін, тігін машиналары, кондитерлік жабдықтар, шаштараздар ашуға және т.б. мақсаттарға алады гранттар алады. Осы орайда осыдан бірер ай бұрын Ғали Нәжімеденұлы «Менің аулам – менің бағым» жобасын жүзеге асыру идеясын ұсынған болатын. Яғни, жобаны жүзеге асыруға ниеттілер үшін биылдан бастап бағдарламаға грант есебінен жеміс-жидек бұталары мен ағаштардың көшеттерін беру туралы ұсыныс енгізілген.
«Өкінішке орай өткен жылдары грант алғандардың ішінде тек 15-20 пайызы ғана өз кәсібін жүргізіп, тұрақты табыс көзін таба алды. Біз зерттей келе нарықта жеміс-жидектерге (сондай-ақ олардың өңделген өнімдері – джем, тосап, кептірілген жемістер және т.б.) сұраныс жоғары екенін байқап отырмыз. Қазір де біз өнімге мемлекеттік тапсырыс беру мәселесін пысықтап жатырмыз. Баптап өсірілген бақ жыл сайын тұрақты өнім (кіріс) алуға және келешекте 3-8 млн.теңге көлеміндегі жеңілдікпен шағын несие алуға мүмкіндік береді. Облыстың әр ауылдық елдімекеніндегі көп отбасында бақшада, жерде жұмыс жасауға қабілетті адамдар бар (жасөспірім, ересек, зейнеткер). Яғни, табысы аз, мыңдаған отбасыларымыз өз үйлерінің жанынан өнім өсіріп, табыс таба алады. Ол үшін аулада 20 – 50 шаршы метр жер учаскесі болса жеткілікті. Тәжірибесі бар және тәлімгер бола алатын адамдар да бар. Солардың бірі белгілі бағбанымыз – Қайрат Каримов. Ол жеміс-жидек бұталары мен ағаштарының көшеттерін сатып, оларды өсіруге ғылыми қолдау көрсете алады. Тәжірибесі мол бағбанның кеңестері бақты баптау барысында қателіктер жібермеуге және көп өнім алуға көмектеседі» – деп жазған болатын облыс басшысы.
Бүгінгі күні 1270 адам бақша отырғызуға тапсырыс берген. Гранттар есебінен 54 адам ниет білдірсе, қалғаны өз есебінен. Ниет білдірушілердің көпшілігі Тасқала, Ақжайық, Қаратөбе, Бөкейордасы және Шыңғырлау аудандарынан. Тұрғындар көбінесе алма, өрік, шие, алмұрт, таңқурай, құлпынай және жүзімге тапсырыс беруде.
«Бұл жоба өте маңызды екенін осыған дейін атап өткен болатынмын. Осы ретте, жобаны іске асыруға және халық арасында кеңінен насихаттауға өз үлестерін қосып келе жатқан еріктілерге, блогерлерге, ауылдық округ әкімдеріне алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, балаларды бақша отырғызу жұмыстарына баулу үшін Орал қаласы және 12 ауданның 70 мектебі тапсырыс беріп отыр. Жазғы демалыс кезінде мектеп бақшаларында жұмыс істейтін балаларды (14 жастан бастап) жергілікті әкімдік қоғамдық жұмыстарға жұмылдырып, айына 42,5 мың теңге төлейтін болады. Көшеттерге тапсырыс бергендерге тәжірибелі тәлімгерлер кеңес беретін болады. Егер біз жақсы өнім алсақ, өнімді сатуда ешқандай қиындық туындамайтынына сенімдімін. Бұл ниет білдіргендердің алғашқы легі деп білемін. Аталған жобаның әлеуметтік маңызы барын осыған дейін айтқан болатынмын. Жобаны насихаттау жұмыстарын әлі де жалғастыру керек», – деді Ғали Есқалиев.
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу